Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Атақты Ақсуат ауылын топан су басайын деп тұр

111

2015 жылы аудан әкімдігі қауіп төнген 4 отбасына ауыл шетінен жаңа баспана салып беріпті. Алайда жағадағы басқа үйлерді көшіруге қаржы жетпей қалған. Сондықтан Күршім ауданының әкімдігі бұл мәселе облыстық деңгейде шешілуі тиіс деп есептейді.

Ақсуат ауылында тұрғанына 30 жыл болған Гүлнар Қанағатованың баспанасы бұрын ауылдың дәл ортасында болған. Соңғы бірнеше жылда көлдің жағасы үйінің іргесіне жетіпті. Былтыр көктемде қорасы мен қоймасын шайып кеткен. Енді үйіне қауіп төніп тұр.

Гүлнар Қанағатова, Ақсуат ауылының тұрғыны:

– Үш төрт жыл болды. Осындай судың тасқынынан қаншама адамдар зардап шегіп отыр. Мына жақ қатардан 5-6 үй суға кетіп қалды. Өскеменнен де келді. Әкім тарапынан келді. Бәрін жазып әкетті. Құжатын жинап алды. Бірақ ешқандай нәтиже шыққанын көргеміз жоқ.

Атқарушы билік комссияның нәтижесін күтіп жүргенде ауыл тұрғындары толқынның күшін қайтару үшін жағаға ескі көліктердің қаңқасы мен темір-терсекті үйіп бөгет жасап жүр.

Советхан Егізбаев, Ақсуат ауылының тұрғыны:

– Толқын қатты соққан кезде міне осындай темір соғып әрең қоршап жатырмыз. Түнде келіп дүңк-дүңк соққан кезде көріп тұрсыздар ғой, үйге естіледі.

Бүгінге дейін қанша үйді су шайып кеткені туралы нақты дерек жоқ. Ақсуаттың байырғы тұрғындарының айтуынша, ауыл өзінің орын тепкен жерінен бірнеше рет көшірілген.

Олжас Керейхан, тілші:

– 1950 жылдары ең алғаш ауыл құрылғанда жаға шамамен 3 шақырымдай алыста болған.Мына тұста орталық көше және электр сымдары орнатылған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша соңғы 15-20 жылда 20-ға жуық үй суға кеткен. Қазір кейбір үйлер жағаға 2 метрдей ғана қалған.

2014 жылы Күршім ауданы әкімдігі жағадағы қауіп төнген 6 үйді көшіріп баспана салу туралы шешім қабылдайды. Дегенмен қаржы 4 отбасына ғана жетеді.

Айман Қайыржанова, Ақсуат ауылының тұрғыны:

– Осы үйдің өз басын салды. Қора-қопсысын ана үйді бұзып өзіміз әкеп салып алдық. Қалған үйлерге де үй салып беруге болар еді. Солай болса жақсы болар еді.

Бастапқыда 6 үй салынуы тиіс болған. Бірақ 2 үйге қаржы жетпей, құрылысы аяқсыз қалыпты. Ал бүгінде жардың жағасында тағы 6 отбасы отыр. Облыстан құрылған комиссия бірнеше рет келгенімен әзірше еш нәтиже жоқ.

Сейсенғазы Шоқаев, Күршім ауданының әкімі:

– Бүгінгі уақытта тек сол Ақсуат ауылының өзіне 22 үй салуды қажет етеді. Егер сол 22 үйді қалпына келтіріп салып беретін болса, жағалауды бекітпей-ақ, онда мектепте жабылмайды. Мәселені енді қойдық. Енді облыстық төтенше жағдай да мұны біледі. Облыс әкімінің орынбасарлары да бұл жағдайды толығмен біледі. Өз тарыпынан тіисті шара қолдана ма деген ойдамын.

Облыстағы барлық құзырлы органдарға хат жаздым деген Күршім ауданы әкімі екі жыл бұрын 22 үйді салуға 51 миллион теңге қаржат қажет екенін есептеп жобасын дайындапты. Алайда аудан қазынасының қалтасы бұл қаржыны көтермейтіндіктен мәселе жабулы қазан күйінде қалып отыр.

Авторлары: Олжас Керейхан, Дмитрий Пыхтин

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз