Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Асырап алған балаларды АҚШ-та қорлау: ақиқат па әлде саяси аңыз ба?

Бала асырап алуда Қазақстан бұрынғы кеңестік елдердің, негізінен Ресейдің, жолымен жүріп келеді.

Қазақстан мен Ресейде ешқандай жағдайда балаларды тәрбиелеуге жарамайтын жетім балаларға арналған үйлердің кең жүйесі бар,

солай болса да, осы екі елдің билігі шетел азаматтарына бала асырап алуға, оларды басқа елдерге алып кетуге мүмкіндік бермеу үшін қолынан келгеннің барлығын жасауда.

Шамамен бала асырап алу туралы заңға өзгерістер енгізу үшін, Қазақстан 2010 жылы американдықтардың бала асырап алуын уақытша тоқтатты. Одан кейін, Ресейдегі әріптестерінің соңынан ерген қазақстандық шенеуніктер, „қазақстандық балалар Америкада қауіпсіз жағдайда тәрбиелене ме?„ деген сұраққа бой ұра бастады. Соңғы жылдары Ресейде Америка азаматтарының бала асырап алуына қарсы пікірталас, азаматтар „Біз неге өз балаларымызды Америкада қазаға ұшырауға итермелеуіміз керек?„, деген сұрақтар төтесінен қойыла бастағанда, шынар биігіне жетті. Бұл 2012 жылы американдықтардың Ресейде туылған балаларды асырап алуына тыйым салынуына әкеліп соқты. Мұндай тыйым салынуға ресми себеп Ресейден асырап алынған бала өлтірілді деген болжам болса да, көптеген

бақылаушылар мұндай тыйым салудың нақты себебі өздерінің еліндегі „тастанды„ балалардың тағдырына алаңдаушылыққа қарағанда, саяси сарынға саяды дегенмен келіседі

Ал осы уақытта Қазақстанда, Ресейде және басқа да посткеңестік елдерде жүздеген мың балалар Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымының мәліметері бойынша балалардың денсаулығы мен жүйкесіне орны толмас зиян келтіретін мекемелердің тұтқыны болып келген.

PT_BP4

Қазақстандағы балалар үйінен көрініс Дереккөзі: Ребекка Комптон

Дегенмен басқа елдерден асырап алынған балалар, шын мәнінде, өздерінің жаңа үйлеріндегі қорлаудың әлеуетті құрбаны ма?

Тәуелсіз мәліметтер „американдық ата-аналар асырап алған балаларға жәбір көрсетуге бейім„ деген айыптауларға өте қайшы келеді. Christian Science Monitor басылымына сәйкес,

20 жылда Ресейден асырап алынған 60 000 мыңдай балалардың арасынан қорлық пен дұрыс бақпаудың салдарынан қазаға ұшыраудың тек расталған 19 оқиғасы тіркелген

Кез келгеннің бүлдіршіннің қазасы, әсіресе, отбасындағы қатыгездік салдарынан орын алған, сұмдық дүние, бірақ статистика мәліметтері бізге Ресейден асырап алынған балалар мен американдық ата-аналардың қаза тапқандардың қатынасы 0.03 пайыз екенін хабарлайды. Солай десек те,

осы дереккөздер ресейліктердің өздері  асырап алған 170 000 орыс баласының отбасындағы қатыгездік салдарынан 1 220-сы қаза тапқанын хабарлап отыр,

бұл пайыздық шамада 0.72% құрайды. Екі топта да балаларды қорлаудың деңгейі әжептеуір төмен екеніне қарамастан,

ресейлік ата-аналар асырап алған бүлдіршіндердің зорлыққа шалдығу мүмкіндігі американдық отбасылары асырап алған сәбилерге қарағанда 25 есе жоғары

Нидерландыда жүргізілген зерттеулердің нәтижелері қызық жәйтті хабаралады — шын мәнінде, баланы асырап алған ата-аналардың балаға зорлық жасау бейімі олардың туған әке-шешелеріне немесе қамқоршыларына қарағанда әлдеқайда төмен екен. Зерттеушілер жыл сайын балаларды дұрыс бақпаудың расталған оқиғаларын тіркейтін балаларды қорғаудың голландтық қызметінің мәліметтерін зерделеген. Зертеушілер түрлі отбасылардағы зорлық оқиғаларын салыстырыпты. Олардың нәтижесі туған емес отбасылар (не әкесі, не шешесі өгей) қылмыстарды тіркеу ақпарында баланы асырап алған отбасыларына қарағанда неғұрлым көбірек екенін көрсетті. Екі қазақстандық жасөспірімді Вашингтон штатында өлтіру осы зерттеудің нәтижесімен үйлеседі, өйткені оларды асырап алған әкелері емес, асырап алғаннан кейін бірнеше жылдан соң өздерінің шешелеріне үйленген өгей әкелері атып өлтірген.

Асырап алған отбасылардағы лайықты бақпау қауіпі күтілгеннен 8 есе кем болып шықты. Атап айтарлығы, асырап алушы ата-аналар бала асырап алудан бұрын әртүрлі көптеген тексерулерден өтеді? Олардың арасында соттылықтың және балаларға қорлық жасаудың болмауы да бар. Басқа ешқандай ата-ана мұндай қатаң және қатал іріктеуден өтпейді.

БАҚ-тың балаларды шетелден асырап алудың қайғылы қазаға ұшырау жәйттеріне осыншама өткір назары, шындап келгенде, саяси мақсаттарға және халықаралық бала асыраушылық тәжірибесі туралы дауды ушықтыруға бағытталған.

Дәлелдемелер мен дәйектерді соншалықты дәл және жан-жақты қараудың артында көп ретте мәселенің мәні  —  жоқтаушысы жоқ балалардың тағдырына деген алаңдаушылық жоғалуда

Қазақстандық екі жеткіншек өмірінің басталмай жатып үзілгені өкініш тудырады. Осы орайда, атап айтар нәрсе, бұл мәселеге ақылға қонымды жауап – шектеуді одан ары жалғастыру емес, бүкіл посткеңестік кеңістіктегі ұл-қыздарға балалар үйінен тыс жерден өзінің шынайы үйі бола алатын отбасын табудың мол мүмкіндігін ұсыну болар еді..

Дереккөзі: Psychology today.

Орысшадан аударған Қайрат Матреков

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз