Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Астанада сыныптастарын газбен улаған оқушы жауапкершіліктен құтылды

Сөйтіп, суық қаруды қасындағы парталасына көрсетіп мақтанып отырғанда, қызық қуған досы болонды тура сабақ үстінде басып жіберген. Улы газдың аз ғана мөлшері сыныпта отырған 27 бала мен мұғалімнің көзін жасауратып, тыныс алуын қиындатқан.

«Толық немесе іші бос па деп тексеремін деп, оны партаның астына сепкен, бір рет қана басқан. Жөтеліп жатқан соң, денсаулығына әсер еткен соң, біз ол балаларды астына түсірдік. Медкабинетіндегі дәрігерлер жедел жәрдемді шақыруға мәжбүр болды»,-дейді  мектеп директорының орынбасары Қайынжамал Шошанова.

Кейін жеделдетіп жеткен дәрігерлер газға уланған оқушылар мен ұстазды ауруханаға алып кеткен.

Олардың қазіргі жағдайы қалыпты, денсаулығына қауіп жоқ дейді ақхалаттылар. Тек көбірек зардап шеккен 3 қыз дәрігерлердің бақылауында болуы керек. Ал, полицейлер балонды қасақана қолданған үшін қылмыстық жаза барын айтады.

Бірақ, мектепте орын алған бұл оқиға ойын баласының бұзықтығына жатқызылып, жылы жабылды. Десе де тәртіп сақшылары қауіпті заттарды бала қолы жетпейтін жерге қоюды ескертеді.

«Бұлар ҚР заңына сәйкес, яғни кейбір қарулардың айналымына мемлекеттік бақылау туралы заңына сәйкес өзін-өзі қорғау құралы болып табылады. Және 18 жастан бастап тіркеусіз алуға болады»,-дейді Астана қалалық ІІД баспасөз хатшысы Софья Қылышбекова.

Оның үстіне газға тұншыққан ұл-қыздардың ата-аналары ешқайда шағым жазбаған. Сондықтан полицейлер құр түсіндірме жұмыстарын жүргізумен шектелген. Ал, газ шашқан екі баланың тәртібі бұдан былай қатаң бақылауға алынбақ.

Бір айта кетерлігі мектепті шулатқан оқушы газ балонын анасының сөмкесінен, қорғану үшін алыпты. Бірақ, кімнен қорғанғысы келгені және ата-ананың қауіпті қаруды неліктен бала қолына ұстата салғаны түсініксіз. Ал, мектеп басшылығы болса бұдан былай мұндай жағдайға жол бермейміз деп отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз