Елордада алғаш рет электросамокаттарға арналған арнайы тұрақ аймақтары ашылады. Пилоттық жоба Нұра ауданында іске асады. Әкімдік таңдаған он орынға жол белгілері мен сызықтық белгілеу орнатылып, кикшеринг қолданушылары сапарларын осы нүктелерде аяқтауы тиіс болады.
Мақсат – самокаттардың ретсіз қалдырылуына қатысты шағымдарды азайту және қала қозғалысын қауіпсіз ету. Бұл бастамаға iKomek орталығы мен барлық кикшеринг компаниялары қолдау білдірді. Сондай-ақ, арнайы жол картасы әзірленіп, қауіпсіз жүру, ереже сақтауға бағытталған ақпараттық іс-шаралар мен рейдтер ұйымдастырылмақ.