Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
2
USD
426
-0.19
EUR
496
-1.93
RUB
6
-0.02

Астанада “Парыз” республикалық бәйгесінің жүлдегерлері марапатталды

101

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.

Ағымдағы жылы конкурсқа қатысу үшін Астана қаласының 18 кәсіпкерлік субъектісінен өтінім ұсынылды. Оның ішінде мына номинациялар бойынша: «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» – 6, «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» – 4, «Үздік ұжымдық шарт» – 5, «Экологияға қосқан үлесі үшін» – 3 кәсіпорын өзінің бағын сынаған.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссия шешіміне сәйкес, конкурсқа қатысқан елордамыздың кәсіпкерлері ішінен «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясы бойынша «BI HoIding» ЖШС І-орын, «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша Amitech Astana ЖШС ІІІ-орын алды.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз