Астанада “Оңтүстік-Шығыс” шағын ауданындағы ғимараттардың бірінде өрт шықты.
Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.
Алдын ала мәлімет бойынша техникалық қызмет көрсету станциясы (СТО) өртеніп жатыр.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, өрттен қашқан бір қыз мансардтағы қабаттан секірген. Оны жедел жәрдем көлігі алып кетіпті.
“Өрт сөндірушілер оқиға орнына жетті. Ғимараттағы өртті сөндіру бойынша дұрыс әрекет ету үшін қызметкерлер нысанды зерттеп қарап жатыр. Зардап шеккендер бойынша әзірге ақпарат жоқ”, — деді төтенше жағдайлар комитетіндегілер.