Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
489
-3.25
EUR
530
-2.09
RUB
5.04
-0.03

Астанада бүгіннен бастап жолақысы қымбаттады

Елордада 10 жылдан бері тариф көтерілмеген. Ал жанар-жағармай бағасы 2014 жылмен салыстырғанда 275% артқан. Қоғамдық көлік қызметкерлерінің жалақысы да жыл санап өсіп келеді. Бұл туралы Астана қалалық көлік басқармасының мамандары мәлімдеді. Айтуларынша, билет бағасының қымбаттауы автобустарды көбейтіп, қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

«2023 жылы әкімдікпен жаңа 400 автобус сатып алынған. Ол автобустардың барлығы бүгінгі таңда маршруттарға қосылып, жаңа маршрут ашуда көмектесіп отыр. 2024 жылы 300-дей автобус сатып алуға жоспар құрып отырмыз. Олар жаңа маршрут ашуға, ескіріп қалған автобустарды ауыстыруға көмектеседі», – деді Астана қаласы көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының бас маманы Әлихан Керімжан.

Тариф өскенімен, жеңілдікпен жүретін жолаушылардың тізімі өзгеріссіз қалады. Бұрынғыша 18 жасқа дейінгі оқушылар мен 7 санаттағы әлеуметтік топ қоғамдық көліктерде тегін жүре береді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз