Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Астанада ақылы тұрақтар салына бастады

Ресми мәліметтер бойынша, Астанада қазіргі күнге 350 мың көлік тіркелген. Жыл сайын бұл көрсеткіш 6-8%-ға өседі. Әрине, бұл жолдарда көлік қозғалысына қиындықтар тудырады. PriceWaterHouseCoopers халықаралық кеңесшілері Түркістан, Достық, Орынбор көшелері мен Нұржол бульвары бойынша орналасқан паркингтер мен тұрғын үй кешендерінің маңындағы аумақтарда көліктердің қойылуына сараптама жасаған. Мониторинг бүгінгі күні ақылы тұрақтар енгізудің бірінші кезеңі өтіп жатқан Нұржол бульвары аумағында сағат 7:00-ден 2:00-ге дейін жүргізілді. Көше-жол желілерін зерттеудің нәтижесінде, бұл аумақта күні бойы орта есеппен 600 көлік тұрақтайтыны белгілі болды, оның 238-і тұрақ ережесін бұзады. Әр екінші жүргізуші өз көлігін рұқсат етілмеген жерге қойған.

Халықаралық зерттеулер бойынша, әлемнің дамыған ірі қалаларының ешқайсысында Астанадағыдай тұрақ ережесін бұзбайды екен. Көптеген елдерде қомақты айыппұл салынады және заңды бұзған жүргізушінің көлігін тиеп әкету жүйесі енгізілген. Жазаға тарту жүргізушілерді тәртіпке келтіріп, жаяу жүргіншілер үшін жайлылық деңгейі жоғарылайды және өзге де қолданушылар үшін қолжетімді тұрақ орындары пайда болады. Сонымен қатар зерттеудің қорытындысы бойынша белгілі болғандай, темір тұлпар иелерінің 80%-ы көліктерін Нұржол саяжолына қалдырып, 8-9 сағатқа жұмыстарына жайбрақат кете барады екен. Бір сөзбен айтқанда, 380 көлік күні бойы көше тұрағында орын алып, босқа тұрады. Өзгелер бұл ауданда 1-2 сағат бойы бос орын таппай сабылып жүргенде, біреулер жеке гаражы ретінде көше тұрағын пайдаланады.

Әлеуметтік сауалнама көрсеткендей, сұралғандардың 50%-ы көлік қоятын бос орын болмайтындықтан өз кездесулерін кейінге қалдырады немесе бас тартатын көрінеді.

Естеріңізге саламыз, көліктер көп жүретін орындарда ақылы тұрақтар құру кептелістердің алдын алу және жол қозғалысы ережесін бұзу санының азаюына септігін тигізетін әлемдік тәжірибедегі тиімді шаралардың бірі болып табылады. Елордада «Астана қаласының тұрақ кеңістігін басқару» жобасының бірінші кезеңі 19 маусым Нұржол саяжолында сынақ ретінде жүзеге асырыла бастаған болатын. Әзірге ақы алынбайды. Келешекте ақылы тұрақ құны сағатына 100 теңге болады.

Толық ақпаратты елорда тұрғындары мен қонақтары Call-орталықтың 8 800 080 28 88 нөмірлеріне хабарласу арқылы немесе www.astra-park.com ресми сайтынан ала алады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз