Астанада бір әйел кіші қажылық сапарына бару мақсатында алаяқтардың құрбаны болды. Instagram арқылы туристік компаниямен байланысқан ол екі жолдаманың ақысын төлеген. Алайда, ұшу күні келгенде виза да, билет те болмаған. Компания басшысы байланысқа шықпай қойған.
Полиция 33 жастағы күдікті әйелді анықтады. Оның үстінен бұрын да Алматыда 60-тан аса алаяқтық фактісі тіркелгені белгілі болды. Тергеу деректеріне сәйкес, ол қажылыққа қатысты жалған құжаттар жасап, сенгіш азаматтардың ақшасын иемденіп келген.