Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Асқар Мамин: “Байқоңырдан ай сайын бір жер серігін ұшыратын деңгейге жетуді көздейміз”

Айта кетелік, осынау іс-шара V халықаралық «KADEX-2018» қару-жарақ пен әскери теxника көрмесі аясында өткізілді. Вице-премьердің сөзіне қарағанда, бүгінгі таңда «KazSat» спутниктік жүйесі еліміздегі ішкі сұранысты толығымен қамтамасыз етіп отырған жайы бар.

Аталған жүйені мемлекеттік органдарда, жеке секторда пайдаланып келеді екен.

«Айталық, жерді қашықтан зонтдау жүйесінің мәліметтерін Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі тұрақты түрде қолданып отырады. Бірақ, бұл аздық етері анық. Біз еліміздің ғарыш саласындағы әлеуетін одан ары дамытатын боламыз. Неге десеңіздер, ғарыш технологиялары кез-келген экономикалық-әлеуметтік дамуына айтарлықтай үлес қосатын маңызды фактор», – деді А.Мамин өз сөзінде.

Естеріңізге сала кетсек, үстіміздегі жылы Қазақстанның жаңа екі жер серігі ғарышқа ұшырылады.

«Биылғы жылдың соңында бір тағы екі жаңа жер серігін ғарышқа ұшырайын деп отырмыз. Аталған құрылғыларды Қазақстан мен Ұлыбритания мамандары құрастырды. Бүгінде аталған жоба 98 процентке дайын. Соның арқасында қазақстандық мамандардың бес бірдей жаңалығы сынақтан өтеді. Ол мамандардың барлығы Еуропа мен Ресейде тәжірибе жинақтап қайтқан», – деді бұл орайда Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Марат Нұрғожин.

Нұрғожиннің нақтылағанындай, осы бес жаңалықтың ішінде жер серігінің қызметтік платформасы да бар. Ал бұл жерді қашықтан зондау серіктерін өз жерімізде жасауға мүмкіндік береді екен. Бұдан сырт, ғарыш жүйесінің сегменті, жер серігінің борткомпьютері, оптикалық жүйе және күн датчигі бар. Бұның барлығы биыл алғаш рет ғарышта сынақтан өтетін болады.

«Мұның барлығы маңызды жобалар. Солардың бірі де бірегейі – ғарыш құрылғыларын құрастыру және сынақтан өткізу кешені. Биылғы жылғы шілденің 1-іне дейін біз технологиялық құрал-жабдықтарды орнатуды аяқтауымыз қажет. Ал екінші жартыжылдықта сынақ жұмыстарын бастаймыз. Және желтоқсанның аяғына таман аталған кешенді пайдалануға беруді көздеп отырмыз. Міне, сол кезде біз ғарыш аппараттарын өзіміз құрастырып, өзге елдердің тапсырыстарында қабылдайтын жағдайға жетеміз. Бұл жоба «Airbus Defence and Space» компаниясымен бірлесіп атқарылып жатыр. Олар шамамен 29 млн еуро көлемінде қаржы құйды», – деп атап көрсетті осы ретте М.Нұрғожин.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз