Ұлттық Банк «7-20-25» бағдарламасына сәйкес тұрғын үйдің ең жоғарғы бағасын белгіледі. Президенттің жаңа бастамасы биылғы жылдың екінші жартысында жұмыс істейтін болады деп күтілуде. Бұл туралы КТК хабарлады.
Осылайша, Ұлттық Банк талдаушылары Ақтау, Атырау, Алматы және Астана қаласының тұрғындары үшін ең жоғарғы сома 25 миллион теңге деп есептеді. Бұл жағдайда банктер оларға 20 миллион теңгеге дейін несие беруге дайын.
Басқа өңірлердегі тұрғын үйдің бағасы 15 миллионнан аспауы тиіс, ал несие 12 миллионнан жоғары болмауы керек.
Жаңа «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы бойынша жылына жеті пайыз мөлшерінде кепілге салынатын ипотека ең төменгі салымдармен беріледі. Бастапқы төлем 20 пайызды құрайды. Бұл бағдарлама бойынша несие рәсімдейтін азаматтардың тұрақты табыс көзі немесе банк тұрғысынан сенімді салымшысы болуы қажет.