Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“АрселорМиттал Теміртау” кәсіпорнындағы өрттің қайдан шыққаны белгілі болды

101

10 қараша күні кешке Теміртаудағы «АрселорМиттал Теміртау» металлургиялық комбинатының конверторлық цеxының сыртқы жағындағы газ құбырында жалындау орын алған болатын. «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы өндіріс орнында болған апатқа гидравликалық соққы себеп болуы мүмкін деп отыр.

«Сараптамалардың қорытындысы комиссияның жұмысы үшін қосымша уақыт қажет болмаған жағдайда он тәуліктен кейін белгілі болып, жарияланады. Апатқа гидравликалық соққы себеп болуы мүмкін.

Апат салдарынан оттегі, азот құбыры, су құбыры, сұйытылған газ құбыры және сығылған ауа құбыры зақымданды. Қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар уақытылы қабылданды, жағдайды бағалау жүргізілді және зауыттың қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар жасалды.

Біз үшін ең бастысы – орын алған оқиғаның себебін түсіну және болашақта осыған жол бермеу», – дейді Вадим Басин.

Оның айтуынша, өндірістің жұмысын толық қалпына келтіруге шамамен үш апта уақыт кетеді. Қалпына келтіру жұмыстарының жоспары, кестесі құрылған. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін комбинат пен мердігерлік ұйымдардың мамандары, техникасы жұмылдырылды

Қазіргі уақытта кәсіпорында №7 агломашинасы және №4 домна пеші, №5 және 7 кокс батареялары қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. ЖЭО-БАС және ЖЭО-2 жылу көздерінің жұмысына апат ешқандай әсерін тигізбеген.

«Жарылыс болды деген ақпарат тарады. Кәсіпорында жарылыс болған жоқ, бұл гидродинамикалық соққы болатын. Соның әсерінен жақын жердегі газ құбырларына зақым келіп,өрт шықты. Газ жіберу тоқтатылғаннан кейін жалын сөндірілді.

Төтенше оқиға орын алған уақытта жақын жерде тұрған бес адам аздаған жарақат алды. қазіргі уақытта олардың үшеуі еңбекке жарамсыздық демалысында. Екеуі бас жарақатын алса, біреуінің оң қолында кішкентай саусағы сынған. Ешкім ауруханаға жатқан жоқ.

Апат себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды, оны ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы басқарады.

Қазіргі уақытта үш бағыт бойынша жұмыстар жүргізілуде. Біріншісі – апат себептерін тексеру, екіншісі – зауыттың қысқы уақытта қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету, үшінші – қалыпты жұмыс режиміне көшу үшін құбырларды қалпына келтіру», – дейді компанияның өкілі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз