Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
6
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

“Арнайы кепті…”. Гүлшара Әбдіхалықова Ақтөбедегі Түйетөбе сайында болды

Соның ең қасіретті тұсының бірі – арыстарымыз жаппай қуғын-сүргінге ұшыраған 1930-1950 жылдар. Жұт жеті ағайынды. Қынадай қырылған ашаршылықтың артында жұртты жаппай жазалау басталды. Халық саны күрт кеміген өткен ғасырдың отызыншы жылдары ұлтымыздың бетке ұстар зиялы қауымы кінәсіз атылды.

Зұлмат жылдардың жаңғырығы халық жадынан өшпейді. Азаттық алып, егемен ел болғалы жақсылар мен жайсаңдарды түгендеп келеміз. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған 31 мамыр барша қазақстандықтар үшін қастерлі күн”, – деді

Мемлекеттік хатшы атаулы күнге байланысты еліміздің түкпір-түкпірінде 4000 әртүрлі шараның ұйымдастырылып жатқанын айтты.

“Ел басына күн туған қаралы кезеңде Ақтөбе халқының да тартқан тауқыметі орасан зор. Сондықтан біз мұнда әруақтар алдындағы адами борышымызды орындап, жазықсыз жапа шеккен жандардың рухына тағы бір мәрте тағзым етеміз.

Ақтөбе облысында 8 мыңдай адам саяси қуғын-сүргінге ұшыраған. Олардың 2 мыңнан астамы ату жазасына кесілген. Сұмдығы көп сұрапыл кезеңде жантүршігерлік жала жабылып, ату жазасына кесілгендер осы Түйетөбе сайында жерленген.

Зұлмат замандарда арыстардың көрген қасіретін ішке бүгіп келдік. Сондықтан мұндай қасиетті топырақты қастер тұту біздің перзенттік парызымыз”, – деді мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова.

Қасіретті төбе басындағы бабалар рухына тағзым етуге барған ақтөбеліктерге облыс әкімі де тарихтың ұмтылмайтынын айтты.

“Тарихсыз болашақ болмайды. Өткен ХХ ғасыр қазақ үшін қасіретті, қайғылы болды. Біз оны еш уақытта ұмытпауымыз керек. Тәуелсіздігіміздің арқасында жоғалғанымыз табылып, өшкеніміз жанып жатыр. Бүгін біз осынау төбеде тұрып, әруақтарға тағзым етуіміз керек. Олар халықтың болашағы үшін жанын қиды”, – деді Бердібек Сапарбаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз