Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Әрбір екінші түлек мемлекеттік грант иегері атана алады

528

2019 жылдың бірінші тоқсанында жоғары білім беру саласындағы қызметтер көлемі 77,2 млрд теңгені құрады. Бұл туралы energyprom.kz хабарлайды. Бір жыл бұрын — 68,9 млрд теңге болған, яғни өсім — 11,9%-ды құрады. Қызметтердің ең үлкен шамасы Алматы (37,4%) және Нұр-Сұлтан (ҚР-дан 24,7%) келді. Қызметтің тағы 6,2%-ын Қарағанды облысының, 5,2%-ын Шымкент қаласының оқу орындары ұсынып отыр.

Білім және ғылым министрлігі 2019/2020 оқу жылына арналған гранттар тізімін жариялады. Биылғы жылы жоғары білімі бар мамандарды даярлауға 53 594 грант, магистрлерге — 12 504, PhD докторларына — 2 240 грант бөлінді.

Шамамен 1 тамызда грант иегерлерінің аты-жөндері белгілі болады

Естеріңізге сала кетейік, 20-30 маусым аралығында Қазақстанда ұлттық бірыңғай тестілеу өтіп, оған 110 мыңнан астам адам қатысқан болатын.

Білім кім көп ақша бөліп отыр?

Президенттің тапсырмасы бойынша 2019/2020 оқу жылына көп балалы отбасылардың балалары мен атаулы әлеуметтік көмек алушыларға қосымша 5 мың грант бөлінді. Олар биылғы жылдың 1 қыркүйегінен бастап қолжетімді болады. Негізгі шарт: ҰБТ тапсырған және нәтижесі бойынша

ұлттық жоғары оқу орындарына — 65 баллдан кем емес, “педагогикалық ғылымдар” бағыты бойынша — 60 баллдан кем емес, басқа жоғары оқу орындарына — 50 баллдан кем емес

жинаған түлектер.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша бюджет есебінен 41,4 млрд теңгеге қызмет көрсетілді (жылына+13,1%). Оның ішінде халық есебінен — 33,9 млрд теңгеге (+9,2%). Ең үлкен өсім кәсіпорындардың қаражаты есебінен байқалды: бір жыл ішінде плюс 43,6% (дегенмен, бұл небәрі 1,9 млрд теңге).

Біресе аз, біресе көп

2017/2018 оқу жылында Қазақстанда 124 ЖОО жұмыс істеді. Олардың ең көп бөлігі Алматыда (41), Нұр-Сұлтан (14) және Шымкентте (10).

Бұған дейін сапаны арттыру мақсатында Қазақстан жоғары оқу орындарының санын жоспарлы түрде қысқартқан болатын. Осылайша, президент Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында елдегі білім беру сапасын арттыруға бағытталған шараларды атап өтті. Алайда тренд өзгерді, енді оқу орындарының саны артады.

Білім және ғылым шығындарына ІЖӨ-нің 5%-ын бөлу жоспарланып отыр. Сондай-ақ президент болашақта жаңа оқу орындарын құру туралы айтты. Бұл 180 колледж және 20 алдыңғы қатарлы ЖОО. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен бірінші кезеңде 58 млрд теңге бөлінеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз