Қазақстандық кәсіпқой боксшылар Ержан Залиловпен Димаш Ниязов кәсіпқой бокста алғаш рет жеңілді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Испанияның Бильбао қаласында өткен бокс кешінде Ержан румын боксшысы Ионут Балутодан жеңілді. 6-раундта қарсыласын нокаутқа да түсірген. Алайда жекпе-жек соңына дейін жалғасып (8 раунд), қарсыласы төрешілер шешімі бойынша жеңіске жетті.
Нью-Йорктегі қазақ полицейі Димаш Ниязовтың кәсіпқой бокстағы 17-ші жекпе-жегі сәтсіз аяқталды. Нью-Йоркте өтіп жатқан бокс кешінде отандасымыз мексикалық боксшы Анхель Сарианнан жеңілді. Төрешілер 59-52, 59-53 және 58-54 есебімен қарсыласын жеңімпаз ретінде таныды.
Димаш та кәсіпқой бокста алғаш рет жеңілді. Осыған дейінгі 13 жекпе-жегінде жеңіске жетіп, 3 кездесуінде қарсыласымен тең түскен.