Мен секілді бір кісі: “Алты келінім бар, алтауы да жақсы, бірақ сиырды бәйбішем сауады” деген екен.
Алла тағала Дәуіт пайғамбардың ғ.с. отыз ұлын бір күнде алғанда ол өз қателігін түсініп: “Иә, Тәңірім, қатемді кешіп бір ұл бере гөр!” деп жалбарыныпты. Алла тағала оның тілегін қабыл алып Сүлейменді с.ғ. берген екен дейді.
Сол айтқандай, жалғыз ұлға алты келінге татитын бір келін жолықтыра гөр деп тілеп, ұйқыға жатамын күнде. Біздікі тілек қой, Алла біледі де!
Нұртай Ерназар
Фейсбуктегі парақшасынан