Нұр-Сұлтан
Қазір
-13
Ертең
-6
USD
516
+0.32
EUR
536
-0.13
RUB
5.18
0.00

Қазақтың ер-азаматтары, өтірік намыстанбай-ақ қойыңдаршы!..

535

Ұлжан Шайхиева Facebook-тегі жеке парақшасында қазақтың ер азаматтарына қаратып, арнайы жазба жариялады.

„Қазақтың ерлері қыздарымен алысып келеді. Қыздарың қаңғып бөтен жұрттан бақыт іздемейтін дәрежеге жетсін десеңіздер, жігіттер, өздеріңіз үлкен өзгеріс жасағандарыңыз дұрыс.

Әйел затына ерлерден, ең бірінші, бөтеннен қорған керек, екіншіден баласына баспана, ішер тамағы, киер киімі керек.

Әшейінде өйтпе-бүйтпе дейтіндер кеше Алматыда 4 баласымен қаңғып жүрген әйелдің жағдайына не көмек етіп жатырсыңдар?

Ал туды қазақтан, қайда бақыты мен тыныш өмірі? Ертең ана Қытай келіп сол төрт балаңмен аламын, үй әперем десе мына қорлықты көрген әйел баласы үшін не істемейді? Неге жалаң даурықпадан шаршамайсыңыздар?

Қазақтың қыздары ұлттың апаты деп даурыққанды айтуға қалай намыстанбайсыңдар?

Қазақ қызы кешегі желтоқсанда кеудесін жігіттерден бұрын тосып қан жұтқандар, сіздер алдымен сол қыздарға рахмет айтыңдар.

Көшеге қарны тоқ шықпайды, жалған намыс жетім қалған бала мен сол баламен жесір қалған немесе  5-6 баласын тастап, байы тоқал қуып кеткен әйелдің тағдырына өзгеріс әкеле алмайды. Оған мына бөтен, қала берді қытай кінәлі емес.

Қазақтың абройы – мына ерлер сіздерге де байланысты екенін ұмытпаңыздар!..„

Айта кетелік, бірер күн бұрын Facebook әлеуметтік желісіндегі «Доска объявлений Алматы, Астана» тобында Қазақстанға бір топ салиқалы да қалталы Қытай жігіттері келе жатқаны, олардың қазақ қызына үйленгісі келетіндігі, сондықтан ақылы түрде осы ретте қазақ қыз-келіншектерінің анкетасы қабылданатындығы туралы жарнама пайда болған. Ол қоғамда белгілі бір деңгейде дүрбелең туғызды.

Бұл арада қазақ қызын алған қытай елдің, жердің меншік иесіне айналып, елдігімізге қауіп төндіруі мүмкін деп дабыл қағылды.

Оған қоса, жеке басының бақыты үшін елін, жерін де пида етуге даяр қазақ қыз-келіншектерінің аярлығы, дүниеқоңыздығы туралы да әлеуметтік желіде көп сын айтылған болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз