Энергетиктер 2024 жылы көмірдің күлін қайда жіберетінімізді білмейтін боламыз деп шағымдануда. ЖЭО-2-нің апатты тоқтауы мегаполисті жарықсыз және жылусыз қалдырды. Алайда мәселе тек күлдің үйіндісінде емес.
«Алматы электр стансалары» АҚ басқарушы директоры Ғазий Исмухамбетов «Евразия» бірінші арнасына» ЖЭО-2-ден шыққан күлді шығаруға қатысты проблемалар туралы айтты: « Көмірді өртегеннен кейін күл шығады. Оның көлемі шамаман жылына 900 мың–1 млн тоннаны құрайды. Бұл күлді жыл сайын күл үйіндісіне апарып төгеміз. Бізде гидро-күл шығару жүйесі бар». Одан шыққан қож көлемі көп болған соң уақыт өте келе біз үлкен проблемаға тап болдық. Жану өнімдерін шағыратын күл үйіндісінің орны толуға жақын тұр. Ол 24 млн тонна күлге есептелген және шамамен 2024 жылы оны шығаратын жер болмайды. Ал бұл ЖЭО-2-нің апатты тоқтауына алып келуі мүмкін. Газға көшу мәселені шешудің бір жолы. Бірақ ол да оңай шаруа емес».
Әлем электр энергиясы мен жылуды өндірудің экологиялық тәсілдерін, сондай-ақ қалдықтардан құрылыс материалдарын өндіруді бұрыннан ойлап тапты, ал Қазақстанда қоқыс үйінділері күннен күнге артып, адамдар қазандықтардың көмір күйесіне тұншығып, демала алмай отыр. Экономист Әсет Наурызбаев бұл мәселені жай-жапсарын түсіндіріп берді.
— Әсет, ЖЭО-2-ні тез арада газға ауыстыру қажеттілігімен бірге, энергетиктер күл үйіндісінің толып кетуіне қатысты тағы бір проблеманы көрсетіп отыр. Бұл туралы не ойлайсыз?
— Мұның барлығы олар не жасасақ та, ешнәрсе жасамасақ болды деген қағидамен жұмыс істегендіктен болып отыр. Енді бұл қағида жарамайды, себебі «Алматы электр стансасы» (АлЭС) соңғы уақытта алдыңғы қатарлы жаңалықтарда пайда бола бастады.
АлЭС қаланың экологиясы үшін ешнәрсе жасаған жоқ.
Одардан Елбасы ЖЭО-2-ні газға көшіру бойынша есеп-қисап жүргізуді талап етті. Олар бұл жұмысты да орындай алмады
Павлодарлық бір кәсіби емес ұйымға жоба үшін ақша төледі, бірақ бұл құжаттар да қоқысқа тасталды.
— Онда қандай сома туралы әңгіме болып отыр?
—Қандай сома екенін білмеймін, ол туралы қазір еш жерде айтылған жоқ. Жалпы алғанда, мұндай ТЭН-нің бағасы қымбат, бірнеше он мың доллар болатыны анық.
Энергетиктер жаңа ТЭН-ді «ҚазЭнергоөнеркәсіптік ҒЗЖІ институты» АҚ-ға тапсырыс берді. Олар төрт нұсқаны жасады, олардың үшеуі жарамайды. Төртіншісі де керемет емес, бірақ бәрі уақытқа және әрине, ақшаға да байланысты.
Қазір тез арада ЖЭО-2-ні газға ауыстырып, қайта жаңартумен айналысу керек, «Қазтрансгазбен» бағалар мен жеткізілімдер туралы уағдаласу қажет. Қол қусырып отармай, үкіметке ақша алу керек. Сонда ғана газ станциясын үш жылдың ішінде салуға болады. Бұл соншалықты орындалмайтын қиын жоба емес. АлЭС менеджерлерінің осы істі тез арада қолға алғаны жөн.
Ал олар қазір не істеп отыр. Олар «Энергопром» институтының желтоқсан айында ТЭН-ді беруін күтуде. Қазір қалаға қандай ЖЭО, газбен немесе көмірмен жұмыс істейтін ЖЭО керек екенін шешіп алу керек, ал оның жобасы жарты жылдан кейін пайда болады. Бұл кәсібилікке тән емес қасиет.
— Егер АлЭС менеджерлерінің орнында болсам, газ стансасының техникалық жобасын «ҚазЭнергоөнеркәсіптік ҒЗЖІ институтына» бермес едім. Бұл іспен газ стансаларын салатын кәсіби мамандар айналысуы керек. Әлемдік нарықта ондайлар өте көп. Қазақстандық жабдықтың қолданылмайтыны, оны шетелдіктердің монтаждайтыны кімге болса да түсінікті ғой. Бұрын мұндай іспен айналысқан «ҚазЭнергоөнеркәсіптік ҒЗЖІ институты» стансаны қалай жобалайды. Бұл тіпті күлкілі жағдай.
Ең дұрысы бастан аяқ станса құрылысы туралы тендер жариялап, кәсіби компанияны шақыру керек
Алайда, қазір біз маңызды проблеманы құмға тығып қоятын түйеқұс ұстанымын көріп отырмыз. Бұл «ҚазЭнергоөнеркәсіптік ҒЗЖІ институты» да, АлЭС тұлғасындағы тапсырыс беруші де жақсы нәтижеге әкелмейтіні анық, алматылықтарға да оның жақсылығын көре алмайды.
Мәселе қазірдің өзінде саяси болып отыр. Алматы тұрғындары жыл сайын жұмысқа шықпау, уақытнан бұрын қаза болу түрінде 500 млн доллар қаржы жоғалтады. Мұны дүниежүзілік банк есептеді.
— Яғни, менің түсінгенім бойынша, желтоқсан айында ҚазҒЗЖІ тапсыратын жоба жарамсыз бола ма, олар бұрын бұндай жобалармен айналыспап па еді?
— Жоқ. ТЭН-ді есептеу үшін электр станцияларын әзірлеудің қажеті жоқ. Ол үшін білетін адамдардан нұсқау алу керек. Менің түсінуімше «ҚазЭнергоөнеркәсіптік ҒЗЖІ институтының» қандай да бір ұсыныс бар. Осы кезеңдегі институттың жұмысы қаржылық модельді, күрделі және операциялық шығындарды есептеуге негізделеді.
Ал стансаны жобалау — келесі кезең. Бұл институт емес, кәсіпқойлар орындайтын жауапты жұмыс. Бүкіл әлемде солай болады.
Біз ҚазҒЗЖІ-ден жарты жыл бойы жаңалық күтуімізге тура келеді, ал желтоқсан айында нашар құрылымды алып, тағыда да шарасыз қаламыз
Қазіргі жағдай қалалықтардың көңілінен шақпай отыр. Бізге бір жыл уақытты жоғалтуға болмайды, соның арасында балаларымыз демікпенмен немесе басқа бір аурумен ауыруы мүмкін. Оған АлЭс менеджменті кінәлі болады.
— Егер желтоқсан айында ҚазҒЗЖІ ТЭН-ді берсе, үш жылдан кейін газ стансасы бола ма, жоқ па?
— Егер желтоқсан айына дейін күтсе жоқ екені анық. Ал қазір тендерді қолға алса болуы мүмкін. Газ стансасының бастан аяқ құрылысының тендері 2020 жылы өткізілгеніне қалай да қол жеткізу керек.
— Біз АлЭС-тің жоспарында ондай жұмыстар жоқ екенін көріп отырмыз ғой, олар қазір тек күтіп отыр.
— Дәл солай. Бұл ұстаным мүлдем ақылға қонбайды.
— Яғни, үш жылдан кейін толып кеткен күл үйіндісі қаладағы жарық пен жылуға қауіп төндіруі мүмкін бе?
— Мүлдем олай емес. Күл үйіндісінің жобалық мерзімі бір бөлек, қалай дегенмен де онда қор бар. Олар жай қорқытып отыр.
Бір жағынан әлемде көмір стансаларын экологияға аса зиян келтірмейтін шығындыларымен бірге өңдейтін техникалық шешімдер ойлап табылған
Бірақ Қазақстанда оны салу үшін көптеген ғылыми және еңбек ресурсы керек. Алматыда шығындылары аз болуы үшін екібастұздық көмірді қалай жағу керегін зерттеген бүтін бір институт болды. Қазірде ол институт жоқ. Екібастұз көміріне арналған қазақдықтарды әзірлейтін бас әзірлеуші де жоқ. Қазақстанда таза көмір стансалары технологиясын енгізетін ешнәрсе жоқ.
— АлЭС неліктен бұл мәселемен айналыспады?
— Өйткені олардың менеджменті сондай. Олар тіпті «ҚазЭнергоөнеркәсіптік ҒЗЖІ институты» әзірлейтін ТЭН-де айналмалы қайнаған қабатта (АҚҚ) көмірді жағу технологиясын енгізу нұсқасын қарастыруға тапсырыс берген жоқ. Бұл технология әлемде, әсіресе Қытайда өте дамыған. Қытайлықтар Өзбекстанда таза көмір станциясын салды. Ол біздің көмірімізге қарағанда сапасы мен құнарлығы төмен көмірмен де жақсы жұмыс істеп тұр. Шығарындылары да ДДҰ талаптарына сәйкес келеді. Шамасы, АлЭС-ті бұл бағытқа қарағанда күл үйіндісінің тез толып кетуі көбірек қызықтыратын секілді.
Бұл сұмдық қой, ірі мегаполистің маңында үлкен күл үйіндісі жиналуда. Энергетикатер бұған қалай жол берді? Әлде олар үнемі жаңа күл үйетін орынды талап етуден басқаны білмей ме?
— Біздің ЖЭО-2 қаншалықты тозған?
— Энергетиканың күштілігі жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардағы жабдықты жаңғыртып, оларды неғұрлым технологиялық жаңаларына ауыстыруға болатындығында. ЖЭО дегеніміз не? Бұл қазандық және турбогенератор. Олар үнемі жаңартылып отырады. Бұл станция 60-70 жылдары салынған станса емес.
Тағы бір мәселе, көптеген жерлерде материалдар жаңа болғанымен, ал технологиялық шешімдері ескі. ЖЭО ұзақ жұмыс істей алады. Бірақ
ол қаншалықты ұзақ уақыт жұмыс істей алады? Пайдалы әрекет коэффициенті төмен және шығындылары адамдарың өміріне қауіп төндіре ме, жоқ па, сол маңызды
ЖЭО-2-нің қатысуынсыз Алматыда электр қуаты мәселесін шешу өте оңай. Солтүстіктен оңтүстікке қарай үш электр беру желісі салынды, олар Екібастұздан таза электр энергиясын тасуға мүмкіндік береді.
Сонда жылу мәселесі ғана қалады. Оны елде де бар газ арқылы ала аламыз.
Егер қаланың барлық аудандарындағы қазандықтарды газға қойса, олар ЖЭО-2-сіз суды тікелей жылытады. Жазға қарай оны өшіруге болады
Алайда, Алматыда энергетика бойынша мүмкін болатын барлық технологиялық шешімдер АлЭС менеджментінің сылбырлығына келіп тіреледі. Оларды жылдамдатсақ жақсы болар еді.