Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
20
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Алматыда жүргінші әйелді қаққан жүргізушіге іздеу жарияланды

ІІД Жергілікті полицияның іздеу бөлімінің басшысы Ерік Насырбековтың айтуынша, адамды қаққан көлік жүргізушісі аса қатты жылдамдықпен келе жатқан. Ерік Насырбеков тәжірибе бойынша,

мұндай қайғылы жағдаймен аяқталып жататын апатта оқиға орнынан негізінен мас жүргізушілер немесе жаңадан көлік рөліне отырғандар із суытатынын айтты.

«Әйел адамның өлімінің нақты себебін анықтау үшін өндірістегі іс аясында сот-медициналық сараптама жасалады. Адам өліміне соқтырған жол-көлік апаты ҚР ҚК 345-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру біріңғай тізіліміне тіркелді.

Қазіргі уақытта оқиғаның себебі анықталып жатыр», – деді Насырбеков.

Алматы полицелері аталған оқиға бойынша куәгерлер болса, 254-45-05, 254-47-80, 8701 888 48 82, 8707 837 78 13, 8777 280 15 55 немесе «102» телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз