Алматыда жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпірден адам құлап кетті.
Оқыс жайттың видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. Ондағы жазбадағы дерекке сүйенсек, оқыс оқиға Саин көшесінің бойында болған.
Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, көпірде велосипед қалған. Ол құлаған адамдікі болуы мүмкін. Құлаған адамды жедел жәрдем №7 ауруханаға алып кетті. Мамандардың айтуынша, оның жағдайы ауыр.