Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Алматыда тағы күшті жер сілкінісінің болуы болжануда

Бүгін Алматы уақыты бойынша сағат 5.28-де 4 балл жерасты дүмпулерін алматылықтар, талдықорғандықтар және Жаркент тұрғындары сезінген болатын. ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, қазіргі уақытта апаттан қандай да бір қиранды немесе зардап шеккендер жайлы мәлімет түспеген.

“Осыған ұқсас жерасты дүмпулері Алматыда 2011 жылы, ал кейінірек 2013 жылы тіркелді. Екі жағдайда да жер сілкінісінің магнитудасы шамамен 4-5 балға тең болды”, – деді Әнуар Боранбаев.

Сондай-ақ, “Сейсмология институты” ЖШС директорының айтуынша, бұл магнитуда қалыпты деп саналады.

“Мұны “жойқын” жер сілкінісі деп айтуға болмайды”, – деп түсіндірді Боранбаев. Оның айтуынша,

алдағы аптада 6 балдан асатын жерасты дүмпуі бола ма, жоқ па – бүгін болжау комиссиясының отырысынан кейін 16.00-ден кейін белгілі болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз