Ұшақтың бөгелуіне себепкер болған мас жолаушы рейстен түсіп қалды.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен тәулікте Алматы халықаралық әуежайында 9 әуе рейсі бөгелді. 4-5 қараған түні әуе рейстерінің кестесінен кешігуіне ауа райының қолайсыздығы себеп болған жоқ. Мәселен, «Эйр Астана» компаниясының Алматы-Мәскеу бағытындағы рейс мас жолаушының кесірінен тоқтатылды. Ал Алматы-Астана бағытындағы рейс экипаж толық келмегені себебінен кешігіп шықты.
КС881 Алматы-Орал (Ұшақтың жарамсыздығы) KC127 Алматы-Ташкент (Жоспарлы техникалық тексеру) KC991 Алматы-Астана (Экипаждың кешігіп келуі) KC875 Алматы-Мәскеу (Мас жолаушының кесірінен) KC859 Алматы-Ақтау (Ұшақтың ауыстырылуы)S
Scat әуе компаниясының: DV731 Алматы-Астана (Ұшақтың кешігіп келуі) DV733 Алматы-Астана (Ұшақтың кешігіп келуі) DV706 Алматы-Шымкент (05.01 ауыстырылды) S7 Airlines әуе компаниясы: S73288 Алматы-Новосібір (Ұшақтың кешігіп келуі). «Қазіргі таңда әуежайда тігінен 170 м қашықтық, көлденеңінен 2 300 метр қашықтық көрініп тұр. Ұшақтарды қабылдау мен ұшыруға шектеу жоқ», – деді баспасөз қызметінен.