Әлеуметтік желілерде Алматыдағы тұрғын үй кешенінде болған оқиғаның видеосы тарады. Кадрларда мас бойжеткеннің Манхэттен кешенінің төртінші қабатындағы терезеден шығып, жұқа темірге ілініп қалған сәті түсірілген.
Қуанышқа орай, бойжеткен аман қалып, оның жағдайы қазір жақсы. Полицияның мәліметінше, оқиға жалдамалы пәтерде болған. Тергеу барысында қыздың мас күйінде болғаны анықталып, оған қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін әкімшілік хаттама толтырылды.
«Оқиға орнына шұғыл жеткен учаскелік инспектор жағдайды тіркеп, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша хаттама жасады», – деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаменті.