Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
17
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Алматыда Құрманғазы мен Шевченко көшелерінің көлік қозғалысы біржақты болады

155

Құрманғазы көшесі бойында Мұқанов көшесінен Достық даңғылына дейінгі учаскеде жөндеу жұмыстары аяқталған соң шығыс бағытта біржақты көлік қозғалысы қамтамасыз етіледі. Биылғы жылдың қыркүйек айында көлік қозғалыстарын осылайша ұйымдастыру кедергі нүктелерді қысқартады, аталған көшелерде апатты жағдайлардың алдын алып, Абай даңғылындағы көлік қозғалысының салмағын 15 процентке дейін қысқартады.

№112 бағыттағы автобус шығысты бетке алып, Жароков көшесінен Абай даңғылы және Мұқанов көшесі бойымен Құрманғазыдан шығады.

Алматыда 1-тамыздан бастап №44 бағыттағы автобус қайта жүре бастайды.

Кезінде тасымалдаушы жолаушылар легінің аздығынан №44 бағыттағы көлік қозғалысын тоқтатқан болатын, алайда Наурызбай ауданының тұрғындары үшін бұл бағыт өте қажет. Осыған орай, Алматы қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бұл бағыттағы көлік қозғалысын қайта ашу туралы шешім шығарды, сонымен қатар көліктің аудандық әкімдік, сот, прокуратура, ХҚКО, басқа да мемлекеттік мекемелер орналасқан Наурызбай ауданының әкімшілік орталығына дейін баруы қарастырылған.

№ 44 бағыт бойынша ЛИАЗ маркалы жаңа автобустар жүретін болады, жаңа көлік кондиционермен жабдықталған, қала орталығына келетін жолаушылар үшін өте қолайлы, көліктің соңғы аялдамасы – Орталық стадион.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз