Subaru Legacy көлігін мінген жүргізуші қатты жылдамдықпен бағдаршамға соғылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жол апаты сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні Абылай хан даңғылы мен Мәметова көшесі қиылысында болған.
Жол апаты салдарынан жүргізуші зардап шегіп, әртүрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.