Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-3
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Алматыда Қала күніне арналған іс-шараларға жарты миллионнан астам адам қатысты

Қаланың орталық алаңдарында, саябақ пен көшелерінде ауқымды мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды: Тұңғыш Президент саябағында көлемді Alma Fest-2025 өтті, Панфилов көшесі инновациялық Digital Fest алаңына айналды, ал Арбат KitapFest фестивалінің арқасында нағыз әдебиет орталығына айналды. Бұған қоса, Астана алаңы, Абай алаңы және «Көктөбе» жотасында үлкен концерттер өтті.

Алматылықтар мен қала қонақтарына Роза Рымбаева, «Дос-Мұқасан» ансамблі, Зарина Алтынбаева, Біржан Хасанғали, Бауыржан Мусин, Аружан Данышпан, Ерлан Байназаров, Әли Оқапов пен Мәди Рымбаев, Il Canto квартеті, «ЖасStars», Александр Лим, Диана мен Ален Самыкеновтер, Жанболат пен Жазира, Салтанат Бақаева, «Ұлытау», «Бақай», «Сардар» топтары, Елбол Қуанбек, Алма Аманжолова, Марал Анарбек, Бақтияр Тайлақбаев, Өктем Алтаев, Бүркіт пен Айша, Медеу Арынбаев, Тамара Асар, Құрмаш Маханов, Бағлан Әбдірайымов, Кеңес Әлімжан, BYTANAT, Еркеш Хасен, Ақылбек Жеменей, Алан Черкасов, Асхат Тарғын, Заттыбек Көпбосын және тағы да көптеген артист өнер көрсетті.

Гала-концерттердің хедлайнерлері Қайрат Нұртас, TURAR, bellucci, «МузАрт» тобы, Shiza, De Lacure, Adam және Ninety One тобы болды. Қала күні Алматыны Қазақстанның мәдени астанасы ретіндегі мәртебесін тағы да айшықтай түсті.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз