Алматыдағы Бостандық ауданында боди-массаж қызметін көрсету орталығы ретінде жасырын жұмыс істеген заңсыз мекеменің қызметі тоқтатылды. Бұл туралы 7 маусымда қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Олардың мәліметінше, учаскелік полиция инспекторлары жүргізген тексеру барысында қаланың беделді аудандарының біріндегі заңсыз кәсіп анықталған. Нақтырақ айтса, жеке тұрғын үйде сауықтыру қызметтері деген желеумен интимдік сипаттағы қызмет көрсетілген.
«Тексеру нәтижесінде жеті әйел полиция бөлімшесіне жеткізілді. Қазір олардың жеке басын анықтау жұмысы жүргізіліп жатыр», – делінген ақпаратта.