Жол оқиғасы Павлодарская көшесінде болған. Инкассатор көлігі Лексустың артынан солтүстік бағытта қозғалып келе жатқан. Көліктегі қызметкерлерінің айтуынша, бойжеткен тізгіндеген Лексус кенеттен оңға алып барып, сол жаққа шұғыл бұрылмақ болған. Мұндай қозғалысты күтпеген инкассатор жүргізушісі тежегішті басып үлгермеген. Жүк көлігі жеңіл көлікті артқы жағынан соғып, бар екпінімен аударылып қалған.

Болған оқиғаның мән-жайын полиция қызметкерлері анықтап жатыр. Жол апатынан жапа шеккен инкассаторлар ауруханаға жатудан бас тартты.