Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
6
USD
432
+2.31
EUR
506
+3.43
RUB
5.52
+0.10

Алматыда Халықаралық KFC Футбатл фестивалі басталды

20160522112729

«Халықаралық KFC Футбатл фестивалі тұңғыш рет 2012 жылы Ресейде қолға алынған болатын. Кейін, Белоруссияда ұйымдыстырала бастады. Ал, 2015 жылы тұңғыш рет Астана қаласында өткізілді. Биыл міне, Алматы қаласында да жүзеге асырылып жатыр. Бүгінгі таңда бұл фестивальге барлығы – 27 қаланың аулалық футбол командалары қатысады. Осыдан 2 апта бұрын Астанада 14-16 аралағындағы жастардан құралған 49 команда 4 жолдаманы сарапқа салған болатын. Содан, жартылай финалға шыққан 4 команда бүгін Алматыға келді.

Олар мұнда 1/8 финалдан бастап, футбол додасына қатысатын болады. Жеңімпаз команда алдағы 9 шілдеде Мәскеуде өтетін Халықаралық KFC Футбатл-2016 чемпионатының суперфиналдық кезеңіне қатысады. Оған бүкіл 27 қалада өткізілген чемпионаттардың жеңімпаздары да келеді. Ал чемпиондық атаққа қол жеткізген командаға жүлде ретінде «Барселона» ФК Сочи қаласындағы ресми лагеріне 2 апталық жолдама беріледі. Сонымен қатар, басқа да жүлделі орындарға қол жеткізген командаларға кубоктар мен медальдар, бағалы сыйлықтар табысталады», – деді өз сөзінде Халықаралық KFC Футбатл чемпионатының спорт директоры Сергей Аляев.

Ал құрамында 17-21 жас аралығындағы жастар ойнайтын командалар арасында Мәскеуде суперфинал өткізілмейді. Бірақ, соған қарамастан, осы 17-21 жас аралығы бойынша бүгінгі чемпионатта жүлделі орындарға қол жеткізген командалар да сыйлықсыз қалмайды.

Бірінші орын алған команданың әрбір ойыншысына футболшының толық киім-кешегі (жейде, шорт, гетра) табыс етілса, екінші орын алған командаларға да тиісті бағалы сыйлықтар беріледі.

«Сонымен қатар, бүгінгі шара аясында көпшілікке арналған футбаттл: 3х3, «300» деп аталатын футбол ойындары өткізіледі. Оларға кез-келген жастағы азаматтар қатыса алады. Бұлардан басқа жергілікті білікті футбол қақпашылары шеберік сыныбын өткізеді. Сондай-ақ, черлидинг шоуы және қаладағы үздік бишілердің сайысы – «Дэнсбаттл» жарысы болады», – деді С. Аляев.

Фестиваль одан әрі жалғасуда. Бүгін күндізгі сағат 13:00-де фестивальдің ресми ашылу рәсімі өткізіледі. Оған Алматы қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Наиль Нұров қатысады деп күтілуде.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз