Алматыда бутиктердің бірінен 15-ке жуық аса қымбат құндыз тондар қолды болды. Тіпті, арасында еш жерден сатып ала алмайтын тек сәнгерлердің қолынан шыққан ішіктер де болған.
Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
Ұрланған эксклюзивті тондардың ең арзаны 300 мың теңгеден басталады.
Ұрлық таңғы сағат төрт жарымда болған. Бейнекамера арқылы жазылған видеода екі жігіттің дүкен ішіне есік арқылы енгендері көрініп тұр. Кіре салысымен бірден құндыз тондар ілініп тұрған бөліктегі жағалы киімдерді жапа тармағай алып жатқандары анық көрінеді.
Дүкен қожайының айтуынша, 6 миллион теңге шығын әкелген қарақшыларды тапқан адамға арнайы сыйақысы бар.
“Білетін адам деп ойлаймыз. Өйткені, кассада ақша болмайтынын білген. Тек тондарды алып кеткен. Егер білмейтін адам болса басқа тондарды алып кетер еді,” – дейді Айдана Омарова.