Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Алматыда белгісіз ер адам бір қызды пышақтап кеткен

“Алматы қаласының ІІД!!! Неге қылмыскерді әлі іздемей жатыр?”, — деп жазады наразы ер адам.

Қала полициясы хабарлағандай, қызға шабуыл жасаған бұзақыны іздеуге полицияның аудандық басқармасының бар күші жұмсалып жатыр, тіпті арнайы жедел іздеу тобы құрылған.

“Қазір жедел, іздеу және тергеу шаралар кешені атқарылып жатыр. Шабуылдан зардап шеккен қыз бір пышақ жарақатын алған. Емдеуші дәрігерден рұқсат алған бойда жауап алынды.

Бұл дерек бойынша Медеу ауданды ІІБ жанындағы полиция  бөлімі сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр “, — деп хабарлады қалалық полиция басқармасы.

Әзірше жасалған қылмыс ҚР ҚК 107-бабы бойынша — “Адам денсаулығына қасақана ауырлығы орташа зиян тигізу” – қаралып жатыр. Алайда кейінірек бұдан да күрделірек бапқа ауыстырылуы әбден мүмкін.

 

Дерек көз:Sputniknews.kz.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз