Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
4
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Алматыда 11 жасар Өркенді өлтіргендердің үкімі өзгерген жоқ

“Іс бойынша ауырлататын мән-жайлардың негізі болмағандықтан, 2-ден 3 бөлігіне тағайындалған жаза жоғары болмау керек. Сол себепті біз мына тағайындалған жазаның мөлшерін азайтып отырмыз. Бірақ, 58 баптың 3 бөлігіне негізделе отырып, түпкілікті жаза сол бірінші сатыда қалған мерзімде қалып отыр”, – деді судья Мейрамбек Таймерденов.

Өркенді өлтіруге тапсырыс берген өгей анасы Шәрипа Ақбердиева – 25 жыл, оның ұлы Темір Ақбердиев – 23 жылға, қызы Айдана Ақбердиева – 16 жылға, өгей баласы Қадыржан Гулямов – 12 жылға және көлік тізгінінде болған Руслан Мүтәліпов – 17 жылға сотталған болатын.

Ал алдыңғы сотта кінәлілерді өмір бойына қамата алмаған марқұм баланың туған анасы осы шешімге де ризамын дейді.

“Апелляциялық соттың шешімімен келісем. Тағайындалған жазаның бәрі сол күйі қалдырылды. Өмір бойына түрмеге қаматсам ба дегем. Бірақ, заң бойынша оған мүмкіндік жоқ екен”, – деді Өркен Азаматұлының анасы Айжан Қыдырмолданова.

Бұдан бұрын да айтылғанындай, қаршадай баланың қыршын кетуіне өшпенділік себеп болған. Ал осы қылмыстағы басты кейіпкер Шәрипа Ақбердиеваның апелляциялық шағымы кеш түсуіне байланысты тіпті қаралған да жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз