Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-14
USD
496
-2.06
EUR
523
-2.87
RUB
4.94
-0.03

Almaty Pop Up Store 2022 дизайн маркетіне 12 мыңнан астам адам келді

299
Сурет: The Steppe

Бірінші және екінші қабатта жәрмеңке қатысушылары fashion және product бағыттары бойынша креативті жұмыстары мен өнімдерін таныстырды. Бұл күнделікті өмірге қажетті негізгі гардероб, іскерлік киім, трикотаж, күзгі маусымға арналған сыртқы киім, заттар. Заттық дизайн аймағында: әшекейлер, интерьер заттары, ағаштан жасалған өнімдер, көрпелер мен жастықтар, шырақтар мен керамика, қолдан жасалған сөмкелер мен қалпақтар қойылған, олардың барлығы «Мade in Kz» этикетка жабыстырылған.

Айта кетейік, барлық 60 бренд тегін қатысты, алайда олар қатаң іріктелді. Төрт қатысушы — Qanaker, Rayleeqs, Darideya және Aimaq — бренд жасауға және Almaty Pop Up Store командасынан жеке сараптамалық қолдауға бағытталған 300 000 теңге көлемінде грант алды.

– Тоғыз жыл ішінде Almaty Pop Up Store алаңында қазақстандық өндірістің 900-ден астам бренді ұсынылды. Біз бұл жобаны дизайнер, қолөнерші, суретші, продакт-дизайнер сынды талантты адамдардың өнімдерін сатуға арналған алаң болуы үшін жасап жатырмыз. Бөлшек сауда – бұл сән және өнім дизайны сегменттіндегі ең қиын жұмыс. Осы маусымда біз 60 керемет бренд жинадық – оларды жалындап тұрған талантты адамдар жасайды. Барлығы ойдағыдай болғанына қуаныштымыз. Келесі жылы жобаға 10 жыл болады, болашаққа үлкен жоспарымыз бар, – дейді жобаның ортақ иесі Мәдина Аман.

10 қыркүйекте акт залында Stand Up Jeltoqsan комедияларының қатысуымен стенд-ап шоу көрсетілді, ал 11-і күні Impact Hub-пен серіктестікте креативті кәсіпкерлер үшін ашық шеберлік сыныптары өткізілді. Екі күн ішінде маркет аумағында қоқысты бөлек жинайтын және пластикті, макулатураны, шыныны және қайта өңдеу мен қайталама шикізат үшін электр қалдықтарын қабылдайтын эко-аймақ жұмыс істеді. Қор жанындағы саябақ аймағында қонақтар жүрек жалғап, кофе ішіп, би биледі. MIlktea, Tussamania, Bismildin, Sagintaev, Togzhan Kassen, Boeing және Arsen Superfly түрлі әуендер қойды. Жәрмеңке соңында Menindenimsaw және TOBE өнер көрсетті.

– Жоба өте керемет ұйымдастырылды, біздің балалар сән нарығы үшін ең қиын нәрсе – сатылым жасай алды! Күшті, нәтижелі, креативті! Біз сіздердің жобаларыңызға бірінші рет қатысып отырмыз, бізге бәрі ұнады. Барлығы шын жүректен, қамқорлықпен және сеніммен жасалғаны сезіледі, – деп танымал қазақстандық дизайнер Айнұр Тұрысбек.

Almaty Pop Up Store дизайн фест тоғыз жыл бұрын басталған, бүгінгі күні мыңдаған алматылық отандық өндірістің киімдерін, интерьер заттарын және керек-жарақтарын сатып ала алатын, дизайнерлік жобаларды жасауға шабыт алатын, жақсы музыка тыңдайтын, Алматы тұрғындары мен қонақтары үшін ұйымдастырылған қалалық мерекеге қатыса алатын ірі іс-шараға айналды. Almaty Pop Up Store мақсаты – отандық өндірушіні, әйелдер кәсіпкерлігін қолдау, әлеуметтік және қайырымдылық жобаларды дамыту үшін қолайлы алаң құру, эко-бастамаларды және шығармашылық кәсіп өкілдерін (суретшілер, иллюстраторлар, дизайнерлер) қолдау.

Almaty Pop Up Store 23 маусымына екі күннің ішінде 12 680 адам келді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз