Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
6
USD
430
-2.45
EUR
505
-1.23
RUB
5.55
+0.03

Алматы облысының ең үздік ұстазы пәтерінен қуылып жатыр

Осыдан бес жыл бұрын Нұрлан Нұрбаев мұғалімдер арасындағы байқаудан жеңіп шығады. Сол кездегі облыс әкімі, қазіргі сенатор Аңсар Мұсаханов екі бөлмелі пәтер кілтін қолына ұстатқанда қатты қуанған. Енді сол сыйлықты шенеуніктер тартып алып жатыр.

«Бұл пәтер мәселесі әрбір ұстаздың арманы десе де болады. Бұл үлкен еңбекпен келген нәрсе. Менің мақсатым осы өз еңбегіммен келген пәтеріме қандай жағдай болса да қол жеткізіп, өзімде қалдыру», – дейді «Жыл мұғалімі-2012» байқауының жеңімпазы Нұрлан Нұрбаев.

Әкімдіктегілер Нұрланның Талдырқорғанда тұрмай, ауыл мектебіне директор болып кеткенін желеу етіп сотқа берген. Қалалық сот баспананы ұстаздың меншігінде қалдыру керек десе, апелляциялық сатыда шешім керісінше шығыпты.

«Соттың алғашқы отырысында жауапкердің Шеңгелді ауылындағы мектепте директор екені белгілі болды. Ол Талдықорған қаласында тұрмайды. Тек қана 2017 жылдың 28 шілдесінде тіркеуге алынған. Пәтері жекешелендірілмеген. Келісім-шарт бойынша отбасымен басқа жаққа көшкенде баспанасы кері қайтарылуы керек», – дейді Талдықорған қалалық прокуратурасының қызметкері Айсұлу Бүркімбаева.

Өздері сыйлаған пәтерді тартып алмақ болған әкімдіктегілердің қылығына Нұрланның әріптестері де ашуланып отыр. Ұстазды ұлықтаудың орнына, мазақ қылғаны үшін мектеп ұжымы қол жинауға  кірісіпті.

«Мұғалімнің беделін арттыру мақсатында өткізілген сайыстардан басында беріп, аяғында алып алу деген ол ешқандай көңілге қонымсыз нәрсе. Бұл біріншіден. Екіншіден біздің артымызда келе жатқан болашақ ұрпаққа деген біз өзімізді сенімсіздік оятып отырмыз. Ол мұғалімдерді қолдау мақсатында берілген дүние қалу керек», – дейді Шеңгелді орта мектебінің мұғалімі Алмагүл Найзабекова.

Облыстық білім басқармасындағылар да осы дауға алаңдайтынын айтады. Тіпті, сотқа тағы шағымданғалы отырған Нұрлан Нұрбаевқа құқықтық қолдау көрсетуді өз мойындарына алмақшы.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз