Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Алматы облысында ұшақ апатынан қаза тапқан екі адамның есімі белгілі болды

Оқиға бойынша бастапқы тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

“Инвестиция және даму министрлігі авиациялық оқиғаны тергеу туралы бұйрық дайындауда, соның аясында ұшақ апатының себебі анықталады”, — деді ведомство.

Азаттықтың хабарлауынша, қаза тапқан екі адамның есімі белгілі болған. Олар 54 жастағы пилот Хамит Ақбергенов пен 39 жастағы кәсіпкер Масимжан Масимов.

Еске сала кетсек, 27 шілдеде Алматы облысы Панфилов ауданы Шолақай ауылында ЯК-12 ұшағы құлап, жанып кеткен. Ұшақтың ішінде болған екі адам қаза тапты. ЯК-12 ұшағы “ҚазАвиа” әуе компаниясына тиесілі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз