Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
20
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Алматы облысында 3 жасар қызды ұрлаған күдікті 15 жылға сотталуы мүмкін

Әйтсе де оның арам ойы болмағаны логикаға симайды. Бұл әрине біздің болжам ғана. Адам ұрлығы болған анық, бірақ кедергілерге байланысты ойын жүзеге асыра алмаған болуы керек», – деді Алматы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің басшысы Сергей Незнаев.

Оның айтуынша, ұсталған адам заң бойынша ештеңе айтпауға, тіпті үндемеуге құқылы. Бірақ жасаған қылмысына қарай ҚР ҚК-нің 125-бабы 2-тармағы на сәйкес «Адам ұрлау» бойынша жауапқа тартылады.

Айта кету керек, аталған заң бойынша қылмыскер 10-нан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Еске сала кетсек, 1 тамыз күні Алматы облысында мешіт жанынан белгісіз біреу 3 жасар қызды ұрлап кеткен болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз