Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
7
USD
427
0.00
EUR
497
0.00
RUB
5.5
0.00

Алматы билігі аурухана маңындағы тұрақ кептелісін шешуді қолға алды

12 қалалық орталық клиникалық ауруханаға тұрғындар кіре алмай әуре. Жандосов көшесі жағынан келгенде аталған медициналық мекеменің алдындағы тұрақта орын өте аз.  Жүргізушілердің көпшілігі көліктерін жолда қалдырып кетеді. Соның кесірінен кейде жедел жәрдем де кіре алмай қалады.

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасы бұл мәселені шешу жолдарын қолға алған.

«Әкімдікпен біріге отырып, пациенттерге ауруханаға жету жолын жеңілдету қарастырылып отыр. Алматы СпецТехПаркинг мекемесімен бірге басқарма алдындағы жаппай тұрақ мәселесін шешу көзделген», – деді қалалық Денсаулық сақтау басқармасының орынбасары Нұржан Исабеков.

Айта кету керек, қалада тұрақ жүйесі өзгеріп жатыр. Қаланың орталығында тұрақ ақылы.

Ал бұл мәселе қаланың кәсіпкерлік ахуалына да ықпалын тигізіп жатыр.

Кәсіпкерлер көлікпен жүретін клиенттерге ыңғайсыздық туып отырғанын айтып дабыл қағуда.

«Қазіргі таңда тұрғындарға арналған жеке көлік тұрағын салу мәселесі қарастырылып жатыр. Бірақ кезінде тұрақ құрылысының салығы 10 есе көтеріліп кеткен соң инвесторлардың барлығы қашып кетті. Жол шетіндегі тұрақтар магистралды көшелерде қалады. Бірақ 600-1000 орындық тұрақтардан 10-15 минут жаяу жүру мүмкіндігі қарастырылады. Қалада бірінші басымдық көліктерге емес, адамдарға берілген», – деді қалалық Сәулет және құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Алмасхан Ахмеджанов.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз