Кинофестивальдің үздік көркемфильмі Ақан Сатаевтың “Анаға апарар жол” картинасы болды, бұл фильмнің бас продюсері Әлия Назарбаев “Кинодағы Еуразиялық әйел” жүлдесін алды. Үздік әйел рөлі жүлдесін осы кинолентада басты рөлде ойнаған Алтынай Нөгербек алды. V Нью-Йорк Еуразиялық халықаралық кинофестивалінің үздік продюсері атағын Серік Әбішев пен Ольга Хлащева “Қаратас ауылындағы оба” фильмі арқылы алды. Айта кетейік, V Нью-Йорк Еуразиялық халықаралық кинофестивалінің жабылу салтанаты 18 маусымда өтті.