Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
17
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Әлемде газ бағасы өзгеруде: бұл Қазақстанға қалай әсер етеді

261
Сурет: Четвертая власть

TTF голланд сауда алаңындағы бағалар – Еуропалық газ нарығының эталоны. 22 мамыр күні газдың бағасы 30%-ға арзандады. Сауда-саттық барысында 1 мың текше метр үшін шамамен 26,4 доллар баға белгіленді,  ал бір мегаватт/сағ үшін 2,35 евро – бұл тарихи минимум.

Британдық NBP хабындағы баға сәл жоғарырақ,  бір мың текше метр үшін 29 доллар (күніне -23%). Ең жоғары баға австриялық Баумгартенде тіркелді. Мұнда келесі күні жеткізу қызметі бар газ үшін шамамен 49,7 доллар берілді.

Салыстыратын болсақ,

наурыз айының соңында Еуропадағы газ бағасы 1 мың текше метр үшін 95-100 долларды құраған. Нәтижесінде  екі айдан да аз уақытта бағасы төрт есеге төмендеп кетті

Бір трендтің екі себебі

Ең алдымен, бағаға жасалған қысым Таяу Шығыс елдерінің бірінің саясатын көрсетеді. Егер мұнай нарығында ең ірі ойыншы Сауд Арабиясы болса, газ нарығында Катар. Бұл ел сұйылтылған табиғи газдың (СТГ) ірі әлемдік өндірушісі. Жақын арада ғана ұсынысты арттыруға ниеттеніп отыр. Осылайша, катарлықтар баға соғысын жариялауға дайын.

«Біз шығын тұрғысынан әлемдегі ең тиімді өндірушіміз және сондықтан нарықтық шыңдарды еңсере аламыз.

Көптеген өндіруші бағаның төмендігінен өндіруді тоқтатуға мәжбүр болады, бірақ Катарға мұндай сценарий ықпал етпейді»,

— деп 22 мамырда Энергетика министрі және Мемлекеттік Qatar Petroleum бас атқарушы директоры Саад Шерида аль-Кааби мәлімдеді.

Оның айтуынша, Qatar Petroleum өндірісті 2025 жылға қарай 1,5 есеге (110 млн тоннаға дейін), ал 2027 жылы екі есе дерлік  (126 млн тоннаға дейін) ұлғайтуды жоспарлап отыр. Болашақта осындай көлемді еңсеру үшін 100 СТГ-танкер салуға келісімшарт жасалды.

Екінші себеп – сұраныстың төмендеуі.

Газ нарығы маусымдық трендтерге бағынады: тұтыну көлемі әрқашан көктемде төмендейді, бұл қорларды арттыруға әкеледі

Алайда, қазір қуатты қосымша фактор — коронавирус жұмыс істеп тұр, сондықтан қор жылдамырақ жинақталуда. 22 мамырдағы жағдай бойынша Еуропада газды сақтау қуаты 70%-ға толтырылды, ал бір жыл бұрын осы уақытта 56% болған еді. Бұл Gas Storage Europe қауымдастығының мәліметінен алынған.

«Егер қоймалардың толып тұрғанына қарамасатан, нарықта ұсыныс жоғары болса, кейбір сәтте теріс бағаның қалыптасқанын көреміз», — дейді трейдерлер.

Нөлдік немесе теріс бағалар қалыптасса Еуропадағы газ сатушылар газды тегін беруге немесе оны алып кеткені үшін қосымша ақы төлеуге мәжбүр болады. Мұндай жағдайлар бұрын болған. Мысалы, 2006 жылы теріс бағалар NBP-те қалыптасты. Бұл жолы кейбір сарапшылар  ең нашар сценарий кезінде TTF-тегі баға да минусқа кетуі мүмкін деп санайды.

Бұның Қазақстанға қандай қатысы бар?

Бұндай жағдай жақын арада болмайды, себебі резервуарлардың 30%-ы әлі де бос тұр. Тағы бір мәселе, бағаның құлдырауы экспорттаушыларға пайдасыз екені анық. Оның ішінде Қазақстан үшін де.

Статистика комитетінің мәліметінше, 2020 жылдың қаңтар-наурыз айларында Қазақстан жалпы сомасы 560 млн доллар болатын табиғи газды шетелге экспорттаған. Бұл 2020 жылдың І тоқсанымен салыстырғанда 124 млн-ға аз.

Жеткізілімнің физикалық көлемі төрт жылдан бергі ең төменгі деңгейде болды. Бұл Украинаға (шамамен төрт есеге — 46,4 млн долларға дейін) және Ресейге (үш есеге — 16,3 млн долларға дейін) жіберілетін сатылымдардың қысқаруына байланысты болды.

Сонымен бірге Швейцарияға сату көлемі 42,2-ден 68,6 млн долларға дейін артты

Ал қазақстандық газдың басты сатып алушысы Қытай болып қала береді. Оған экспорттың 70%-дан астамы (400 млн доллардан астам) келді. Бұл республика үшін Еуропаға жасалған катарлық экспансияға қарағанда Қытайдағы жағдай анағұрлым маңызды екенін көрсетеді.

Қытай өз экономикасын тез қалпына келтіруді мәлімдегенін ескере отырып, газ экспорты осы бағытта өсуі мүмкін. Тұтастай алғанда, бұл экспорт жағдайын түзетеді. Сондықтан Қазақстан үшін әзірге жағымсыз алғышарттар жоқ деп айтуға болады.

Бұл ретте табиғи газ Республиканың ең басты экспорттық тауарларының бірі болып қалады. І тоқсанда мұнай мен мыстың шетелдік сатылымы ғана одан көбірек пайда әкелді.

Бір қызығы, Қазақстан газ экспортының төмендеуімен бірге оның импортын арттыруда. 2019 жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда нақты көлем 43%-ға (3,1 млрд текше метрге дейін), ал ақшалай баламада екі есеге (213,7 млн долларға дейін) артты.

Қазақстан екі елдің көгілдір отынын сатып алады: Ресей ($164,4 млн сатып алып, бұл елге 16,3 млн экспорттайды) және Өзбекстанда (8,9 млн экспорттаса,  49,3 млн сатып алады).

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз