Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-7
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Әлем және Қазақстан карантиннен қалай шығады?

251
Сурет: lenta.ru

Карантиннен шығу ұзақ уақытқа созылуы мүмкін дейді Wall Street Invest Partners аналитигі Данияр Жұмекенов. Ол аяқталғаннан кейін де бұрынғы іскерлік белсенділікке оралу үшін көп уақыт керек болады.

Қазақстанға еліміздің басты сауда серіктестері карантинді тоқтату тәжірибесі маңызды рөл атқарады. Кез келген жағдайда бизнес біраз уақыт бойы түсімінің жоғары болмайтындығына дайын болған жөн.  Ал, бұл жалдамалы қызметкерлердің жалақысына әсер етуі мүмкін.

Медициналық көрсеткіштерге қарау керек

— Данияр, қалай ойлайсыз біз және басқа елдер карантиннен қалай шыққан дұрыс? Көптеген адам қазірден бастап енгізілген шектеу шараларын тоқтау керек, олай болмаса аурудың экономикалық салдары нашар болуы мүмкін деп есептейді. 

— Қазір барлық елдердің үкіметіне бизнес пен халық жан-жақтан «қысым»  көрсетуде. Адамдар жұмысынан шығып қалып, пайдасынан айырылуымыз мүмкін деп уайымдайды. Сондай-ақ

өзін-өзі оқшаулау тәртібінің өзі азаматтардың психологиялық жағдайына қатты әсер етті

Дегенмен шенеуніктерге экономикалық көрсеткіштерге емес, инфекцияның таралуы бойынша медициналық деректерге бағдарлануы керек.  Ауру жұқтырған адамдардың саны азайған жағдайда ғана карантиндік шараларды жеңілдету туралы айтуға болады. Аймақтарда COVID-19 тарату динамикасы өзгеше болуы мүмкін екенін ескеру қажет. Егер

бір облыстарда шектеу шараларын тоқтататын уақыт келсе, ірі қалаларда әлі де «локдаунды» (оқшаулау — ред.) сақтаған дұрыс.

Көптеген ел осыған ұқсас сценарий бойынша карантиннен шығуды жоспарлап отыр. Бірінші кезеңде шаштараз, сұлулық салондары мен дүкендердің ашылады. Егер жұқтырғандар саны қайта ұлғаймаса, бірнеше аптадан кейін кафелердің, мейрамханалардың және басқа да қоғамдық тамақтану орындарының кезегі келуі тиіс. Кейбір елде, мысалы Данияда, қазіргі кезеңде мектеп, нақтырақ айтқанда бастауыш сыныптар  жұмысын қайта бастады. Бірақ мұнымен қатар қатаң шаралар да қолданылуы тиіс.

Келушілердің санына шектеу қойылып, арақашықтық сақталуы керек, сондай-ақ ғимаратты зарарсыздандыруға да баса назар аударған жөн

Мәселен, Еуропа елдеріндегі оқушыларға үзілісте топ болып жиналуға тыйым салынады. Кинотеатр, концерт залы мен стадиондар алдағы айларда жұмыс істемейді деп айта алмаймыз, себебі «екінші толқын» болу қаупі өте жоғары. Жаппай іс-шараларға кем дегенде күзге дейін тыйым салынады.

Кімнің тәжірибесіне сүйенген дұрыс?

— Карантиннен шығудың барлығына үлгі болатын қандай да бір сценарийі бар ма?

— Әрбір ел өзінше бірегей, сондықтан бұндай сценарийдің болуы мүмкін емес. Тіпті ЕО-ның ішінде де өз ерекшеліктеріне қарай әрекет етеді.

Қазақстан мектептерінде оқушылардың тым көп екенін ескере отырып,  әрбір оқушыға жеке партаға бөлінеді деп ойламаймын

және Швейцария, Франция немесе Даниядағы секілді сыныпты бірнеше топқа (15 адамнан артық емес) бөле алатынымызға күмәнмен қараймын. Мектептердің ашылуы туралы  соңғы сәтте ойлану керек.

Швеция Үкіметінің логикасына сәйкес, азаматтар аурудың дамуына жол бермеу үшін барлық қажетті шараны өз бетінше қабылдауға қабілетті болуы керек. Ең болмағанда қолды жуу және басқаларға жақын келмеу. Сонымен қатар,

шведтер карантин енгізіп, індетпен күресудің пайдасы жоқ, халық ұжымдық иммунитет қалыптастыруы қажет деген сенімде

Айта кету керек, елде 1 млн адамға өлім-жітім саны көршілерден әлдеқайда жоғары. Оларда 260  болса, Финляндия мен Норвегияда сәйкесінше  42 және 38 адам көз жұмған,

бірақ Италия (477), Франция (381) немесе Британиямен (419) салыстырғанда әлдеқайда төмен

Копенгагенде карантиндік шектеу шараларын тоқтатқаннан  кейін басқа елдерде ауырғандар мен қайтыс болғандардың саны күрт өседі деген сенімде. Бірақ Швецияда айтарлықтай өзгеріс болмайды. Мұндай тәсілді медициналық жүйе жұқтырғандар санының күрт өсуіне төтеп бере алатын елдердің қолдануына болады.

Қордағы ақша жеткілікті болуы керек

— Біздің азаматтарымыз үшін карантиннен шығу деген не? Біз қандай жағдайға тап болуымыз мүмкін?

— Өкінішке орай, эпидемияны бастапқы кезеңінде жеңе алмадық. Жақын арада вакцина пайда болады деп те айта алмаймыз, сонымен қатар

әзірге бір инъекция жеткілікті ме немесе оны жылына бір рет, тіпті жиі қолдануға тура келеді ме, білмейміз

Сондықтан енді ұжымдық иммунитетке үміт арту қажет.

Карантиннен шығу көптеген айларға созылуы мүмкін екенін түсінгеніміз дұрыс. Тіпті барлық тыйымдарды ресми түрде тоқтатқаннан кейін де халық коронавирусқа қарсы  белсенділігін қайта жандандыруы үшін біраз уақыт қажет болады.

ұзақ уақыт бизнес түсімі әдеттегі деңгейден төмен болатынына дайын болғанымыз жөн,

бұл жалдамалы қызметкерлердің жалақысына әсер етуі мүмкін. Әңгіме табысының негізгі бөлігі пайдадан түскен пайыздан қалыптасатын сатушылар-кеңесшілер, шаштараз және т. б. туралы болып отыр.

Егер макроэкономика туралы айтатын болсақ, мұнда көп нәрсе еліміздің басты сауда серіктестері карантинді қалай алып тастайтынына және олардың қалпына келтіру процесі қанша уақытқа созылатынына байланысты болады.

Егер жағдай оң сценариймен дамитын болса, жаһандық экономика тек 2021 жылы ғана қалпына келе алады, ал 2020 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 3%-ын жоғалтады. Салыстыра кететін болсақ, 2009 жылы дағдарыс кезінде әлемдік ЖІӨ тек 0,1% -ға қысқарды. Қазақстан экономикасы 1991 жылдан бастап алғаш рет тарылуы мүмкін:  орта есеппен ЖІӨ 2,5%-ға төмендейді деп күтілуде. Мұндай жағдайда инвесторлар сақтықпен әрекет етеді, бұл теңге бойынша қалпына келтіру процестеріне кедергі келтіруі мүмкін.

Дегенмен, мұнай нарығының қалпына келсе, бағам бір доллар үшін 420 деңгейіне оралуы мүмкін. Резервтегі ақша

барлық әлеуметтік міндеттемелерді, сондай-ақ Үкіметтің теңдессіз ынталандыру шараларын жүзеге асыруға,

жеткілікті болуы керек, оған 6 трлн теңге бөлінді. Ұлттық қордың валюталық активтері сәуірде $41,11 млрд-тан  58,6 млрд-қа дейін ұлғайды.

Алып-сатарлықпен белсенді түрде айналысу қауіпті болуы мүмкін

— Осындай қиын кезеңде қолдағы ақшаны қалай сауатты басқаруға болады? Қаржыны қайда салған дұрыс? Қандай табыс көздерін табуға болады?

— Нарықтан «тез әрі сенімді» табыс көзі бойынша ұсыныстарды табуға болады, ал осындай дағдарыс кезінде олардың саны мүлдем көбейіп кетті. Ең бастысы

қажетті тәжірибе болмаса, алып-сатумен белсенді айналысу қолда барды жоғалту қаупін туғызуы мүмкін екенін ұмытпау керек

Сонымен қатар, ұзақ мерзімді бағдармен тұрақты активтерді инвестициялау жақсы дивидендтер әкелуі мүмкін. Әлемге әйгілі Уоррен Баффет өткен дағдарыс кезінде акцияларды «жеңілдікпен» сатып алып,  шын мәнінде үлкен пайда алды. Бізді еңбек нарығында да теріс әсер ететін, ауыр кезең күтіп тұр. Егер адамдар өз болашағына қатысты күмәнданатын болса,

бірінші кезекте өз біліміне инвестиция салу керек

Интернетте біліктілікті арттыру бойынша, соның ішінде жетекші әлемдік университеттердің көптеген курстары бар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз