Алматыда шопыр мен кондуктор қыздың үйленуі тойы ерекше аталып өтті.
Олардың күнде жүріп өтетін көшесіне автобустардың кортежі шықты. Көк базар маңынан өткен мына автобустар кортежінде жас жұбайлардың есімі де жазылып тұр. Жас жұптың есімдері Қалқа мен Шырын екен.
Әлеуметтік желіде бұл видеоны талқылағандар жас жұптың бұлайша үлкен үнем жасағанын айтыпты. „Кортежге қымбат көлік жалдағанша, күнде мініп жүрген автобустарын бастығынан сұрай салған ғой„ дейді бірі жазба қалдырушының.