Аз уақыттың ішінде елдің сүйіктісіне айналып үлгерген әнші Қуандық Рахымның шығармашылық өмірінде жаңалықтар көп сияқты.
Кеше ғана Ақбота Сейітмағамбетпен бірге орындаған әні желіні біраз шулатып, елді дүрліктіріп қойған еді. Себебі, “Алтыным” атты әнін Қуандық Рахым бұрын Альбина Шардаровамен бірге сомдаған еді. Мұндай өзгерістерге не себеп болғандығын Қуандық Рахымның пиар менеджері 365info.kz тілшісіне жауап берді.
Бұған дейін Қуандықтың Ақботамен көңіл қосқаны жайлы өсек-аяңдар халық арасында кеңінен таралып кеткен еді. Аталмыш оқиға бұл сұрақтардың нүктесін қойған сияқты. Мұнымен қоймай, Қуандық Рахым өзіне қандай қыздар ұнайтынын да айтты.
“Қиялымдағы аруымды сөзбен жеткізе алмаймын. Инабатты, ибалы,парасатты, көркіне ақылы сай, қазақтың ерке қызы болса екен деймін.
Мен Тоқтар Серіков ағамыздың жары Бейбіт Сейдуалиева жеңгем сияқты болса деп армандаймын”,- дейді әнші.
https://kaz.365info.kz/khyzaryp-ketti-zhandy-dauysta-an-shyrkhagan-akhbota-sejitmagambettin-maskharasy-shykhty-video-301940
Қиялындағы аруды білдік, десе де үйленуге дайын ба екен? Әлде, Жанна ханым рұқсат бермейді ме?
“Үйленуге дайын емеспін.
Себебі сүйген қызымды әлі кездестірмедім. Продюсердің үйленуге болмайды деген талабы жоқ. Контракт бар. Бірақ, ондай пункт жоқ”, деп жауап қатты бойдақ әнші.
Естеріңізге сала кетейік, жақында Қуандық Рахым Жаркент, Ұзынағаш, Есік қаласында өзінің жеке концертін берген еді. Мұндай гастрөлдік сапарлар 2 айға дейін созылатынын айтты әнші.
https://kaz.365info.kz/khuandykh-rahymnyn-stili-ozgerip-ketipti-foto-video-275214