Кеше Алматыдағы ADK ойын-сауық орталығында Alash Pride кәсіби жекпе-жек клубы Гран-При жарысының салмақ өлшеу рәсімін өткізді. Бүкіл қатысушылар көрермендерге әсерлі шоу көрсетті.
Өзінің жеңіл салмақтағы (57 кг) алғашқы Гран-При иегерін жекпе-жек клубы бүгін, кешкі сағат 20:00, Бақшасарай салтанат залында анықтайтын болады. Жеңімпаз иеленетін арнайы белдік пен ақшалай сыйақыны маңғыстаулық Шыңғыс Қайранов пен алматылық Арман Әшімов арасында сарапқа салынатын болады.
Сонымен қатар, өзге салмақтарда да күш сынасатын 5 мемлекеттен келген спортшылар да таразыға тартылды.