Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Әкімдер ақша тапқысы келмейді және таба алмайды – Айдос Сарым

Қазақстанда рецепиент-өңірлердің жергілікті бюджеттерінің меншікті кірістері жылдан жылға төмендеуде. Республикалық бюджеттен берілетін трансферттерге тәуелділік артуда. Мәселен,

2018 жылы рецепиент-өңірлердің меншікті кірістерінің үлесі 48%-ды, 2019 жылы — 42,5%-ды құрады, ал 2020 жылы 41%-ға дейін төмендеді.

Донор өңірлерде бюджеттен алу көлемінің өсуі байқалады. 2018 жылдан бастап Атырау облысы бойынша ол екі есе, Алматы бойынша 1,7 есе өсті. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының спикері Мәулен Әшімбаев мәлімдеді.

Оның пайымдауынша, өңірлерде өздерінің салық базасын дамытуға деген қызығушылығы төмендеп келеді. Олар үнемі орталықтың қолдауына сенім артып отырады. Әшімбаев салықтар мен түсімдерді республикалық және жергілікті бюджеттерге бөліп, талдау жасауды ұсынды. Және көлеңкелі экономика көлемін азайтуға қатысты шара қолдану қажет деп есептейді.

Мұның себебі неде?

Депутат Айдос Сарымның айтуынша, өңірлердің республикалық бюджетке тәуелділігінің себебі – “көп сатылылық” және бұл мәселенің қарапайым шешімдері жоқ.

Жалпы экономикалық өсу қарқыны төмендеп келеді. Бірақ Ұлттық қор арқылы кез келген мәселені шеше алатын Үкімет бар кезде, біз өңірлерді ынталандыра алмаймыз, инвестиция тартуды арттыру, салық базасын кеңейту, өндірісті ұлғайту – мұның бәрі өзара байланысты.

Әкімдерге кейде шынайы жұмыспен айналысқаннан гөрі, Нұр-Сұлтан қаласына 20 рет барып, кабинеттерді аралаған тиімдірек әрі оңай деген сөз.

Мысалы, күн сайын бір нәрсені жақсарту үшін жиналыстар өткізіп, салық қызметкерлерінен өндірушілерді жайына қалдыруын талап ету, су өткізілгенін, жарық берілгенін бақылау және т.б жұмыстар. Бұл тұрғыда жергілікті атқарушы билік бәрібір қалағанына қол жеткізетініне сенімді. Жақында бізде үкімет пен есеп комитеті есеп берді. Деректер жыл сайын Ұлттық қордан алынатын ақша өсіп, субсидия бөлігі ұлғайып жатқанын көрсетеді, — деп атап өтті ол.

Әкімдерді таңдау

Оның пікірінше, әкімдерді таңдау салық базасын дамытуға, әрбір елді мекеннің тартымдылығын арттыруға мүдделі адамдарды билікте ұстауға мүмкіндік береді.

— Әрбір сайланған әкім өңірге туристер шақырып, өндірісті дамыту үшін ауыл тұрғындарымен ақылдасып, не істеуге болатынын ойлануына тура келеді.

Сонда жағдай өзгереді. Ал қазір Ұлттық қордан ақша алуды шектейтін шара қолдану қажет. Бұл тек біздің ғана емес, болашақ ұрпақтың да табысы. Шенеуніктер бөлінген ақшаға қарап, оны жеткізуді ойласын, өз шығындарын қайта қарастырсын”, – деді депутат.

«Көлеңкеден қалай шығамыз?»

Көлеңкелі экономика көлемін қысқарту – қажетті әрі күрделі міндет. Тіпті Еуропа елдерінде бюджетті есептеу кезінде есірткі қылмысы мен жезөкшелікті қоса есептейді. Қалай болғанда да, бұл экономикада айналатын ақша. Бірақ оның бәрін заңдастыру керек деген сөз емес.

— Тағы бір мысал: біз жұмыссыздық, әсіресе ауылдық жерлердегі жұмыссыздық туралы үнемі айтамыз, бірақ оны айтқаннан адамдар ауылдан көшіп кетпейді ғой. Бұл дегеніміз – олар өмір сүруге қажетті заттарын сатып алуға ақша табуға мүмкіндіктері бар деген сөз.

Бізде ауылшаруашылық өнімдерінің негізгі бөлігін жасайтын шағын жеке шаруашылықтар да өз қызметкерлеріне салықтан қашып, жалақыны бейресми түрде төлейді.

Ертең жергілікті салықтар қалыптасқанда әкімдер салық базасын өсіруге мүдделі болады. Қарапайым мысал: бір адам дүкені бар көршісіне келгенде, оны кассалық аппарат қоюға көндіруі керек. Себебі, салыстырмалы түрде айтқанда, оның салықтары есебінен ауылда самбо немесе домбыра жаттықтырушылары айлық алып отыр. Мұндай көзқарас пайда болған кезде, жалпы жағдай өзгереді.

Мотивация керек

— Өткен жылы адамдарға 42 500 теңге алу үшін БЖТ-ны төлеуге ынталандырғанын мысалға алайық. Назар аударыңыз:

БЖЗҚ ресми салымшыларының саны 2020 жылы шамамен 2 млн адамға өсті. Яғни, бұрын бұл адамдар бір жерде табыс табатын, бірақ соған қарамастан ешкім зейнетақы жарналарын төлемеген, — деп атап өтті Сарым.

Оның айтуынша, көлеңкелі экономикамен күресу үшін кірістерді міндетті декларациялау шарасы да көмектеседі.

— Бүгінде мемлекеттік қызметкерлер мен бизнестің елеулі бөлігі міндетті декларациялар тапсырып жатыр. Ертең бүкіл халық та солай жасайтын болады.

Менің ойымша, жүйелі шаралар қажет. Өйткені, бизнесті қолдауға, салықтық және басқа да реформаларға бағытталған реформалар бойынша жоғары кеңестің заң жобаларының тұтас пакеті қабылданады деп күтілуде. Аймақтардың ерекшелігі бізде әр түрлі екені түсінікті.

Бірақ бізде курорттық аймақта орналасқан елді мекендер бар. Онда ондаған миллиард теңге айналымда болуы мүмкін. Ал салық көлемі 100-200 миллион шамасында. Бұл өте аз.

Мемлекет барлық нәрсенің заңды болуын талап етуі керек. Әрине, бұл ұзақ және ауыр процесс. Әкімдерді шын мәнінде салық базасымен айналысып, оның жыл сайын өсіп отыруына ынталандыру керек. Қазір ауылдарда мынадай шара енгізілуде: егер олар салық жоспарын асыра орындаса, онда жоспардан тыс жиналған сомаға тағы да сонша ақша қосылады.

Ақшаны қайда салуға болады?

– Тек ұзақ, егжей-тегжейлі жұмыс қана нәтиже беруі мүмкін. Мен бір жыл ішінде жүзеге асырылуы мүмкін өте қарапайым схемаларды ұсынатындардан сақ болар едім. Қарапайым схемалар мен қарапайым шешімдер жоқ. Оларды ұсынатындар – не алаяқтар, не демагогтар, – дейді Айдос Сарым.

Оның айтуынша,

өңірлерде қазір инвестиция құюға болатындай ірі, мықты жобалар жоқ.

– Ойламаған жерден, көп қаржысы бар миллионер келіп, қызықты жоба беруді сұраса да, біз оған тауып бере алмайтын едік. Сондықтан, біз баяғы жолмен жүруді жалғастыра береміз — белгілі бір күш пен мүмкіндіктерді жинақтайтын шағын кәсіпорындар, шағын мүмкіндіктер, – деп атап өтті депутат.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз