Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Ақтөбедегі апат: Аман қалған бесеу автобустың қалай өртенгенін айтып берді

233

 

https://kaz.365info.kz/symdykh-aj-akhtobede-52-adam-tiridej-zhanyp-mert-boldy-298287

Тұрғымбаев болған оқиғаны қайғылы жағдай деп атады және адамдар неге сыртқа шыға алмағанын айтып берді.

“Жол-көлік оқиғасы болмағанын ерекше атап өткім келеді. Автобус жол шетінде техникалық жағдайы дұрыс күйде тұрған. Ешқандай қылмыстық жағдай анықтамадық. Яғни,

қайғылы жағдай. Тірі қалған бес адамның алдын ала көрсетпесі бойынша, өрт салоннан шыққан. Алдымен ащы түтін тарағандықтан көпшілік уланып қалған, барлығы неге аман қалмағанының бірінші себебі осы.

Екінші – есік ашылғанда салонға оттегі кіріп, өрт лап ете қалған. Автобус екі деңгейлі болған, жоғарыда адамдар, ал бірінші деңгейде жүктер жатқан. Жүк толық өртеніп кеткен, яғни, жалын қатты болған”, – дейді министрдің орынбасары.

https://kaz.365info.kz/khazakhtar-da-bar-akhtobede-52-adamnyn-omirin-zhalmagan-okhigaga-khatysty-tyn-derek-shykhty-video-298316

Бұл кеше кешкісін жасалған мәлімдеме.

Ал бүгін министрлік автобус салоны ішінде бензин болғаны туралы ақпарат жеткізді.

 “Оқиға орнында жедел-тергеу тобы мен өрт зертханасы жұмыс істеп жатыр, олар қайғылы оқиғаның себебі мен мән-жайын анықтап жатыр. Алдын ала нұсқа – автобус салонында болған бензиннен шарпыған жалын, бұл нұсқаны жүргізушілер мен жолаушылар растап отыр. Криминалдық сипаттағы және жол-көлік оқиғасы нұсқалары толықтай жоққа шығарылады”, – деп мәлімдеді ІІМ өкілдері.

Еске салайық, осыған дейін Ақтөбеде автобус өртеніп, 52 адамның қаза тапқаны жайлы хабарланған болатын. Ikarus маркалы автобустың 18 қаңтарда сағат 10:30-да Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында Самара – Шымкент тасжолының 1068 шақырымында, Қалыбай ауылынан 10 шақырым жерде өртенгені айтылған еді. Автобустың ішінде 55 жолаушы және екі жүргізуші болған. Оның бесеуі автобустан шығып үлгерген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз