Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Ақтөбеде қалыңдығы „лақтырып„ кеткен жігіт көзіне түскен қызды алып қашты

Екі жігіт Орталық базарда қыз алып қашпақ болды. Олар қызды көлікке күштеп мінгізіп жатқанда, елдер араша түсіп, бойжеткенді суырып алған, одан соң, полицияға хабар берген.

 „Ақтөбеде қызды алып қашуға қатысты оқиғаның мән-жайын баяндай кетейін. Қазақ үшін қызды күштеп алып қашу – жабайылыққа жатады. Ондай дәстүр бізде жоқ. „Қыз алып қашу„ деген аты бар, бірақ ол өзара келісіммен жасалады, онда да қыз ұзату мен құдалыққа шығынданбас үшін. Кейде қыздың әке-шешесі келісім бермей жатса, солай болады. Ал біреудің баласын зат құсап жұлып алып қашу – қазаққа жат нәрсе. Судың да сұрауы бар емес пе?..

Хромтауда 14-маусымда екі жігіт бүгін қалыңдық алып келеміз деп туған-туыстарына жариялайды. Барлығы тойға дайындалады.

Бірақ соңғы сәтте қыз бен жігіт ұрсып қалып, қалыңдық тұрмысқа шығудан бас тартады. Не істейді, үйдегілер дайындалып қойған? Содан қатты ашуға мінген күйеу жігіт базарда көзіне түскен алғашқы қызды үйіне алып келуді жөн көреді.

Бірақ бұл – заңға қайшы іс-әрекет. „Күйеу жігіт„ пен оның досы ұсталды. Тергеу бір апта болып, қазір іс сотқа тапсырылды„, – деп жазды ол Жасұлан Дәулембаев.

Әлеуметтік желідегілер заң өкілінің қазақ дәстүрін өте дұрыс түсіндіріп бергенін айтып, оған рақмет айтып жатыр. Ал тағы біреулер „көзіне түскен қызды емес, ең соңғы сәтте айнып қалған өз қалыңдығын неге күштемеді екен, шын сезім болса, араларында мұндай жағдайда жігіт кешірім ала алар ма еді„, – деп жазады.

Ал заңгер Джоһар Өтебеков:

„Екеуі, кем дегенде, 4,5 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі„

делді әлеуметтік желідегі жазбаға қатысты жазған пікірінде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз