Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Ақтөбе архивінде респрессияланған 13 мың адамның ісі сақтаулы тұр

Бұрын бұл істер Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мұрағатында болса, 2014 жылы ішкі істер саласына берілген. Жылына бір рет департаменттегі музейге шығарылып, арнайы бұрышқа қойылады. Яғни әкелері мен аталары туралы қандай да бір мәлімет іздегендер осында келеді. Алайда репрессияға ұшырағандардың тума-туыстары процестік емес сипаттағы құжаттармен ғана танысып, фотосуреттерді көре алады.

Архивте жаппай қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың әйелдеріне қатысты 28 іс бар. Олардың барлығы сотталып, «Алжир» лагерінде жазаларын өтеген.

Көбі, сол кеткеннен оралмаған. Жалпы сол ақтаңдақ жылдары тек Ақтөбенің өзінен 7000 адам айдалып, 1500 адам ату жазасына кесілген екен.

Айжан Бауыржанқызы, қала тұрғыны:

– Яғни менің аталарым репрессияға ұшыраған. Бәйімбетов Өтеш, Бәйімбетов Сәрсен деген екі ағайынды кісі болған. Оларды кезінде малдары көп болды деп, қойлары, сиырлары көп болды деп, бай болды деп тұтқындап алып кеткен. 1937 жылдары тамыз айында оларды репрессияға ұшырап, алып кеткен, яғни атып тастаған деп естідім. Ол кісілерге, ата-әжеміз, әкелеріміз Түйетөбенің басына барып, құран бағыштап тұрамыз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз