Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-7
USD
523
-0.42
EUR
548
-0.97
RUB
5.06
+0.01

Ақтөбе әкімдігінің ғимаратынан ер адамның мәйіті табылды

Ақтөбе қалалық әкімдігіндегі аппарат басшысы Нұрлан Күнтуовтың сөзіне қарағанда, қазаның аппарат қызметкерлеріне қатысы жоқ, әкімдік қызметкерлерінің барлығы аман. Күнтуов басқа ақпарат бере алмайтынын айтты.

Ақтөбе қалалық әкімдігі ғимаратындағы оқиғаны облыстық прокуратураның аппарат жетекшісі Жасұлан Дәулембаев та жоққа шығармады. «Қаза болған азаматтың кім екенін, қандай жағдайда мерт болғанын әзірше айта алмаймын» деді Дәулембаев.

Ал Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі оқиғаның жай-жапсарына орай ертең полиция брифинг өткізетіндерін мәлімдеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз