Ақтауда 93 жастағы қария әжей төртінші қабаттың терезесінен құлап, қайтыс болды.
Бұл туралы “Лада” басылымы жазды. Марқұм Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагер болып шықты.
Көршілердің куәлік еткен сөзіне жүгінсек, қайғылы оқиға болған күні Екатерина Макина үйінде жалғыз болған. Денсаулығына, өміріне еш шағым айтпайтын томаға тұйық жан екен. Әйтеуір ауладан көрінгендерге үнемі амандасып, бас изейтін. Бірақ үйінен сирек шыққан.
“Бір күні көшеге шыққан кезінде құлап қалды. Ұлы содан кейін серуенге шығуына тыйым салды. Оған күн сайын ұлы келіп тұрды”, – дейді көршілердің бірі.