Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Ақшаны Қазақстанға салу керек! — «Форбс»

408

“Жаһандық инвесторлар” басылымының авторлары, әдетте, Қазақстанды жеке инвестициялық алаң ретінде емес, Ресеймен және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығымен (ТМД) топта қарастырады. Бірақ бұл дұрыс емес, өйткені Қазақстанның нарықтық негіздері айтарлықтай ерекшеленеді.

Және

2020 жылы Қазақстан бірқатар қызықты инвестициялық мүмкіндіктерді ұсынатын сияқты

Ең алдымен, бұл жекешелендіру жөніндегі Үкіметтің бағдарламасы, оның мақсаты — 900-ге жуық компанияның акциялар пакетін сату жолымен $7 млрд тарту.

Сонымен қатар, Орталық Азия елдері АСЕАН, Солтүстік елдер кеңесі, Вишеград тобы Орталық Еуропа мемлекеттері үшін немесе Оңтүстік Америка үшін МЕРКОСУР сияқты бірдеңе жасау бойынша жұмыс істейді.

Осылайша, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан, Түрікменстан және Қырғыз Республикасының көшбасшыларымен көптеген салаларда — сауда мен инвестициядан бастап инфрақұрылым, туризм, ғылым мен мәдениетке дейін бірлескен даму және ынтымақтастық бағытында жұмыс істейтіндігін жариялады.

Бұл барлық өңір елдерінің инвестициялық мүмкіндіктерінің өсуіне оң әсер ететін мақтауға тұрарлық ұмтылыс.

Өңірлік бәсекелестік

2019 жылы Қазақстан бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша Дүниежүзілік банктің рейтингісінде сегіз позицияға көтерілді. 28 орын алған ол Испанияны, Қытай мен  Үндістанды басып озды.

Қазақстан жалғыз емес. Халықаралық валюта қорының деректері бойынша, сол рейтингте 76-шы орынға ие және жақында шетелдік инвестициялар үшін ашылған көрші Өзбекстан Орталық Азиядағы “салауатты бәсекелестік” жасай алатын тағы бір ел. Бұл Қазақстан экономикасын ынталандыратын болады. Бәсекелестік екі елдің саясаткерлерін ашықтықты, Инвестициялық саясат пен іскерлік орта негіздерін одан әрі жақсарту үшін жұмыс істеуге ынталы етеді.

Жақында өткізілген Алматы инвестициялық форумы Алматы мен Қазақстанды Орталық Азияның экономикалық даму орталығы ретінде берік орнықтыруға бағытталған болатын. Қазақстандық саясаткерлер еліміздің ірі қаласын жаңа Жібек жолындағы маңызды көліктік, логистикалық және туристік орталыққа айналдыруға үміттенеді. Қараша айының соңында өткен форумда

түрлі мемлекеттік органдар мен бизнес-қауымдастық арасында 2,3 миллиард доллар сомасына 31 келісімге қол қойылды

Алғашқы қарлығаштар

Жаһандық әуе қатынасы Орталық Азия үшін үлкен маңызға ие болады. TAV әуежайының түрік операторы да Goldman Sachs International-мен бірлесіп жұмыс істегісі келеді. TAV таяу жылдары Қазақстанның ірі мегаполисінің халықаралық әуежайын дамытуға 165 миллион доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр. Инвестиция тағы бір миллион жолаушы қосып, 3000 жұмыс орнын құрып, әуежай мүмкіндіктерін айтарлықтай арттырады деп күтілуде.

Әлемдік азық-түлік алыбы Tyson Foods Қазақстанда сиыр етін өндіру инвестициясын жариялады

Мұнда Қытаймен шекаралас болу маңызды рөл ойнады. АҚШ әлемдегі ірі сиыр етін өндіруші болып табылады, бірақ Қытайға сату пайда әкелмейтін болды. Өйткені, Трамп кезінде Пекин 25 пайыздық жауап тарифін енгізді, нәтижесінде жалпы жинақ 37%-ды құрады. Ал қазақстандық етке қытайлық тарифтер 12%-ды құрайды.

Economist Intelligence Unit болжамына сәйкес, 2020 жылы ел экономикасы тағы 3,4%-ға өседі деп күтілсе де, көптеген инвесторлар әлі де Қазақстанның іргелі инвестициялық көрсеткіштерін оның кредиттік рейтингтеріне байланысты елемейді.

Осылайша, елдің сыртқы борышының ұзақ мерзімді рейтингін Moody’s агенттігі тамыз айында Baa3 деңгейінде растады. Бұл инвестициялық деңгейдегі ең төмен көрсеткіш. Шетелдік эмитенттердің рейтингі де Moody’s-бен Baa3 деңгейінде расталды.

Қаржы орталығы

Бүкіл әлемде инвесторларды қабылдаудың өзгеруіне барынша әсер еткен жоба — бұл Астананың халықаралық қаржы орталығы (AIFC). 2018 жылдың 5 шілдесінде құрылған AIFC Орталық Азия, Кавказ елдері және Еуразиялық экономикалық одақ (ЕЭО) үшін қаржы орталығы болып табылады.

AIFC “Белдеу және жол” қытай бастамасының қаржылық платформасы болуға ұмтылады. AIFC Шанхай қор биржасымен және NASDAQ-пен серіктестік қарым-қатынас орнатқан. Қатысушылар үшін

қаржылық және қосалқы қызметтерді көрсетуден, сондай-ақ 2066 жылға дейінгі капиталдың өсімінен алынған табыс үшін корпоративтік салықтардан босату

басты ынталандыру болып табылады.

Сонымен қатар, қатысушы компаниялардың қызметкерлері жеке табыс салығынан босатылады.

Қазақстан сондай-ақ Астана қаржы орталығының қор биржасында акцияларға кемінде $60 мың салған шетелдіктерге инвестициялық резидент мәртебесін беруді жоспарлап отыр. Бұл туралы Bloomberg News агенттігіне орталықтың басқарушысы Қайрат Келімбетов хабарлады. Инвесторларға бесжылдық көп мәртелік визаға кепілдік беріледі. Бұл шара бағдарлама басталғаннан кейін бес жыл ішінде $250 млн астам тартады деп күтілуде.

Қазақстанда нақты пайыздық мөлшерлемелер жақын болашақта салыстырмалы тартымды болып қала береді деп күтілуде. Бұл ретте Қазақстан Ұлттық Банкінің базалық ставкасы 9,25% құрайды. Сондай-ақ 2020 жыл ішінде инфляцияның нысаналы дәліздің 4-6% орта деңгейіне дейін баяулайды деп күтіледі.

Биржа көрсеткіштері де Қазақстан, сөзсіз, қазіргі кезде бағалы салым болып табылатыны туралы айтады. KASE (Қазақстан қор биржасы) Р/E 6,44 коэффициентімен (баға-пайда) саудаласады. Бұл дегеніміз, биржадағы акциялар жете бағаланбаған. Салыстыру үшін MSCI World Equity Index P/E 20,04 коэффициентімен саудаланады. Өз кезегінде MSCI Emerging Markets Index P/E 14,67 коэффициентімен саудаланады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз